Отбасы тұрақтылығы

Отбасы тұрақтылығы

Ешбір адам үйленгенде «бақытсыз боламын», - деп үйленбейтіндігі анық. Барлығы да «Бақытты отбасы» болғысы келеді. Дегенмен, «Үйлену оңай, үй болу қиын», - деп бабаларымыз айтқандай, бақытты отбасы болу айтарлықтай оңай нәрсе емес. Себебі, жас жұбайлар үлкен өмірге аяқ басқан соң алдарынан небір қиыншылықтар кездесуі әбден мүмкін. Бір-бірінің бұрын байқамаған мінездері мен қылықтары да көрініс берері анық. Осындай сәттерде қолды бір-ақ сілтемей, керісінше, некелерін қиғанда берген сөздеріне адалдық танытып, қателіктеріне көз жұма білсе, жұбайының жақсылығын асырып, жамандығын жасырса, бір-бірінің жанын түсінуге тырысып, жарының бар болмысын қабылдай білсе, қиындық келгенде қолдау білдірсе, алдарына мақсат қойып, сол мақсаттарына жетер жолда бір-біріне жәрдемдессе, бір-бірінің қызығушылықтарына көңіл бөліп, жұбайы қуанған нәрсеге қуана білсе, отбасында ортақ әңгіме болып, екеуі бір-бірінің дәрежесіне түсе біліп, бір-бірінің деңгейіне көтеріле алса, осындай отбасына бақ орнайды.

Бұл айтылған дүниелер қиын секілді көрінуі мүмкін. Алайда, өмірде оп-оңай дүние жоқ қой. Қандай нәрсе болмасын ынта-жігер мен қайратты, көп оқып-тоқу мен ойланып-толғануды, сосын осы оқып білгендері мен ойланып түйгендерін жүзеге асыруды талап етеді.

Енді бақытты отбасы болу үшін қажетті кейбір маңызды дүниелерге тоқталайық. Ең алдымен керек нәрсе – шынайы сүйспеншілік. Әрқашан бізге үлгі болатын ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан Амр ибн Ас есімді сахабасы «Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Сізге адамдардың ең сүйіктісі кім?» - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Айша», - деп өзінің жарының есімін атаған екен (Бұхари риуаяты). Шын сүйген адам өзінің жары үшін, жарының көңілі үшін қандай да болмасын қиындықты көтеруге дайын тұрады. Оның қателіктері болса көз жұмып, оны бар болмысымен қабылдай алады. Ол үшін қолынан келгенінің бәрін жасайды. Жұбайының көңіліне тиетін істерді істемеуге барын салады.

Екінші, осы сүйіспеншіліктен келіп туындайтын сыйластық, жарын құрметтеу. Мұсылман адам кез келген тіршілік иесін Алланың жаратқаны деп құрметтейді. Тіпті, жансыз нәрселерге де, мысалы, алдындағы асы мен үстіндегі киіміне де белгілі бір деңгейде құрмет көрсетеді. Себебі, бұл нәрселер бізге Алланың берген нығметі. Ал, нығметті қадірлеп, ол үшін Аллаға шүкіршілік ету – біздің мұсылмандық міндетіміз. Біз өзіміздің жарымызды да ең алдымен Алланың ең қадірлі жаратылысы болып табылатын адам ретінде, сонымен қатар, Алла Тағаланың бізге сыйлаған нығметі ретінде, сондай-ақ, бізге отбасылық өмірдің не екенін сезіндірген, бізді жар атандырған жан ретінде сыйлап, құрметтегеніміз жөн. Халқымыз «Кісі сыйлағанның құлы», - дейді. Біз жарымызға әу бастан осындай құрметпен қарайтын болсақ, арамыздағы сүйіспеншілік арта түсері сөзсіз.

Отбасымыз бақытты болуы үшін қажетті маңызды қасиеттердің бірі – жанашырлық пен мейірімділік. Алла Тағала Құранда Рум сүресінің 21-аятында «Сондай-ақ, Алланың құдіретінің шексіздігін көрсететін айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірімділік сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар», - деген. Жарымыз ауырып қалса, оған қамқорлық көрсету, көңіл күйі болмай тұрса, артық мазасын алмай, керісінше, қолдау білдіру, бір іске үлгермей жатса, қолымыздан келгенше көмектесіп жіберу секілді жанашырлық пен мейірімділікпен туындайтын іс-әрекеттер біздің отбасылық байланысымызды бекіте түсетіндігі сөзсіз.

Сондай-ақ, отбасы бақыты берік болуы үшін ең маңыздысы – түсіністік деген нәрсе. Біз жарымыздың өз алдына бөлек бір тұлға екенін қабылдай білуіміз керек. Ол жүз пайыз біздің пікірімізбен келіспеуі мүмкін және ол бұған міндетті де емес. Себебі, ол жеке тұлға. Оның өзіндік әлемі бар. Өзіндік мінез-құлқы мен көзқарастары, түсінік-пайымдары бар. Ол толықтай біздің көңілімізден шықпауы мүмкін. Біз мұны қалыпты дүние ретінде қабылдауымыз қажет. Жарымыздан біздің талаптарымызды түгелдей орындауды талап етпеуіміз керек. Біз бір-біріміздің көзқарастарымызға, жеке таңдауларымызға түсіністік танытып, құрметпен қарай білуіміз керек. Сонда отбасында ешқандай да кикілжің, талас-тартыс орын алмайды. Ол үшін үйленбестен бұрын бір «үлгілі әйел» немесе «үлгілі күйеудің» портретін сызып алмауымыз керек. Әйтпесе, отбасылық өмір басталған соң жұбайымыз әлгі сызбамызға сәйкес келмей қалған жағдайда өзімізге қиын болады.

Тағы бір отбасының бақытын баянды ететін әрекет – татулықты сақтауға, ұрыс-керісті болдырмауға тырысу. Дана халқымыз «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді», - деп бекер айтпаса керек. Ал, тату-тәтті, ұрыс-жанжалсыз отбасында өскен баланың рухы берік болатындығы анық.

Ертеде Қаз дауысты Қазыбек бидің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек. Бір күні ойламаған жерде бір жиында аяғы ақсақ, көзі қыли Тоқмейіл есімді жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, айттырып алады. Әке-шеше баласының айтқанына келіскенімен, аса қолдай қоймайды.

 

Тіпті әкесі  Шаншар келінін көріп, ә дегенде зәресі ұшып кетеді. "Таңдаған тазға жолығадының кебі келді. Балам-ау, бұл қыз аяғын сылтып басады ғой" десе, Келдібек: "Көке-ау, мен оны жарыстырып бәйгеге қосу үшін алам ба", - дейді. Шаншар атамыз, тағы да болашақ келініне қиыстай қарап отырып: "Балам-ау, көзі қисық қой" десе, Келдібек тағы да: "Көке-ау, мен оған мылтық атқызу үшін алам ба" деп жауап қатады.

Әкесі ұстар жерім осы болар деген оймен «Сөз байласқан бұрынғы құдалардың бетіне қалай қараймыз?» - дегенде, баласы:

Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып,

Аяғы ақсақ болғанмен ақылы артық.

Көзі қыли болғанмен сөзі түзу,

Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - деп жауап қайырады Келдібек би.

Әкесі: "Жетер, енді көңілім орнықты. Табашыға да жауап табылар", - деп көл көсір той жасап екеуін қосады.

Келдібектің замандастары әзілдескенде әйелінің осы міндерін алдына тартып, қағытып жүріпті. Бірде олар Келдібектің өз үйінде отырып, жас келінге соқтыға берген екен. Сонда жас келіншек шапылдап беттен алмай-ақ сыпайылап қана:

Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын,

Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақпын.

Татулықтың белгісіндей тамаша

Төрт бошанды билейтін ұл таппақпын, - депті.

 

Айтқанындай соның артынан Қаз дауысты Қазыбек дүниеге келген екен. Қазыбек бидің анасының "Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт бошанды билейтін ұл таппақпын", - деп айтқанындай, отбасында татулық, береке-бірлік болса, балалардың рухы жасымай, қайратты болып өсетініне, келешекте елді жақсылыққа бастай алатындай азамат болатындығына көзіміз жетеді.

Міне, осы айтылған дүниелерді ескеретін болсақ, отбасымыздың бақыты баянды болады деп ойлаймыз. Ересек адам ретінде өз еркімізбен отбасылық өмірге қадам басқандықтан, құрған шаңырағымыздың берік болғандығын қаласақ, бұл нәрселерді ескеруіміз керек. Егер, өле-өлгенше жарымызбен бірге болып, осы өмірден бір-бірімізге разы болып өтсек, сондай-ақ, Алланың разылығын бірге тапсақ, мәңгілік өмірде де жұмаққа бірге кіруге мүмкіндігіміз болады. Әр отбасыға мәңгілік жұптар болуды тілейміз.

 

 

           

                                                         Бақыт Қойшыбаев

                                    Жамбыл ауданының бас имамы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста