Колледждерде оқу мерзімі қысқарады
Қазақстанда колледжде оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде заңнамалық деңгейде колледждерде оқу мерзімін белгілеу туралы норма алып тасталды. 9 сынып негізінде оқу мерзімін 3,6 жылдан екі жылға дейін және 11 сынып негізінде 2,6 жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Колледждер оқу мерзімін реттеп, өз өнімін сату мүмкіндігіне ие болады", - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Аймағамбетов биыл 180 колледжді жаңғырту аяқталатынын айтты. Ол бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспары мен бағдарламасы бар кемінде жеті заманауи колледж жұмыс істейді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу