"Әкемнен ерте айырылдым": Білім министрі балалық шағы туралы жазба қалдырды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің балалық шағы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отбасы күніне орай министр Facebook-те жазба қалдырды.
Айтуынша, ол әкесінен жастайынан айырылған.
"Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім: менен бөлек отбасымызда тағы бес бала бар. Әкем 6 жасымда қайтыс болды, кейін анамызға барлық ауыртпашылықты еңсеруге тура келді. Сол кезде анам 40 жасқа да толмаған еді, бірақ маған жасы келген кісі сияқты көрінетін. Оны өзің сол жаста болғанда ғана жақсы түсінеді екенсің.Одан кейін қиын кезең, 90-жылдар басталды. Анамызға өте қиын болғанын білемін. Ауылда тұрдық, анамыз жұмыстан бөлек бізбен, шаруашылықпен айналысты", - деп еске алады Аймағамбетов.
Бұған қоса ол осы қиын кезеңнің арқасында отбасының қаншалықты қымбат екенін ұғындырыпты.
"Мен – екі баланың әкесімін. Жұмыстан кейін балаларың мен жарың үйде қарсы алғанда барлық қиындықты ұмытасың. Әңгімелесіп, балалармен бірге ойнағаннан шаршағаның басылады, рақаттанып қаласың. Жігерлендіріп, күш-қайрат беретін де – отбасым. Жақындарымызды бағалайық", - деп жазды шенеунік.
Аймағамбетов барша қазақстандықтардың отбасыларына береке тілей отырып, мерекемен құттықтады.