Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді – министр

Атыраудағы «Дорожный контроль» порталының тілшісі Олеся Вертинскаяны ұрып-соғу оқиғасына қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров пікір білдірді.
 
Мемлекетіміздің Конституциясының 20-бабы сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді!

Құқық қорғау органдары үшін құқық бұзушыны табу және журналист О.Вертинскаяға қатысты шабуыл және қауіп-қатер фактілері бойынша оған тиісті шаралар қабылдау абырой ісіне айналатынына сенімдімін. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі О.Вертинскаяның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірудің ашықтығын қамтамасыз ету және оған жол бермеу мақсатында өз құзыреті шегінде оқиғалардың барысын мұқият қадағалайтын болады.

Жалпы, біз журналистерді кәсіби міндеттерін орындау кезінде қорқыту және оларға шабуыл жасау әрекеттерін қолайсыз деп санаймыз.

Әріптесіміз Олесяға тезірек сауығып кетуді тілейміз, - деп жазды министр.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста