«Жүректен-жүрекке!»

Алатау ауданындағы №164 жалпы білім беретін мектепте мұқтаж және көп балалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасын тауып, «Жүректен-жүрекке!» деген ұранмен басталды.

Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

 Осы орайда, мектеп басшысы Б.Кусаинованың ұйымдастыруымен мектебіміздің аз қамтылған оқушыларына қамқорлық шаралары жүргізілді. Қайырымдылық шарасының шапағатын көрген балалардың алды бүгінде азамат атанған. Бұл шараның бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқанының бір дәлелі болса керек.

Атап айтар болсақ, мектеп бітіріп кеткен түлектер балаларға демеуші болып, аз қамтылған отбасынан шыққан 15 балаға  сөмке, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, игі іс атқарды. Шара барысында аталмыш мектепте білім алатын 10 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал, «Талғат» мейрамханасы бір оқушыны толық киіндіріп, керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл қамқорлық акциясы ата-анаға көмек болса, балаларға қуаныш сыйлады.

Айналамыздағы адамдардың игілігі үшін жасалатын қамқорлық жалғасын табатыны сөзсіз.

Рима Абыханова, 164 ЖББМ әлеуметтік педагогы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста