Жаһандық бәсекеде көшбасшыға айналу – жас мемлекеттің міндеті

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жолдауы ел әлеуетін көтеруге, аты айтып тұрғандай бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге арналып отыр. Бес тармақтан тұратын бұл құжат экономиканы жаппай цифрландыруға бағытталды.
Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігі айтылды. Бұған дейін біздің ел шикізатты сатумен ғана айналысып келсе, ендігі таңда сол шикізатты өңдеп, өз игілігімізге пайдаланатын мүмкіндіктер туатын болады. Дәстүрлі өндіріс мұнай-газ секторы, темір, көмір, уран, мыс секілді қазба байлықтарды игеру, агрожүйе секторын жаңа жаһандану дәуіріне лайықтау міндеттері жүктелді. Шикізатты бұған дейін өзгеге сатып, сол өңделген шикізаттан алынған тауарларды өзіміз бәленбай бағаға кері қайта сатып алып жүргеніміз бәріне белгілі. Алдағы уақытта енді мұндай нәрсе болмайды. Қазақстан өзі жаңа технологиялардың бәрін меңгерген, өңдеуші зауыттары мен фабрикалары дамыған, бәсекеге қабілетті елге айналады. Отандық өндіріс іске қосылса, қарапайым халық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Көптеген жұмыс орындарының ашылуы елдің экономикалық әлеуетін арттырады. Экономикамызды Елбасы айтқандай, жеделдетілген технологиялық жолмен жаңғыртатын болсақ, өркениетті елдердің алдыңғы сабынан орын алатынымыз анық. Бұл тұрғыда: «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»-деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жақын арада енді бізде «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасы әзірленетін болады. Екінші кешенді міндет ретінде « Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру» мәселесі айтылды. Бұл жерде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар басымдыққа ие болып отыр. Алдағы уақытта мемлекет автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттерді атқара жүріп, шикізаттық емес, өндірушілік сипаттағы экспортты 2 есеге ұлғайтатын болады.
Инвесторлар саяси тұрақты, болашағы айқын елге ғана инвестиция салады. Оны бәріміз өте жақсы білеміз. Ал бұл мәселе тұрғысынан Қазақстан инвесторлардың сенімінен толықтай шыға алатын мемлекет. Елбасы тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керектігін, мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасау керектігін ерекше басымдық бере жеткізді. «Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.
Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек. Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс»-деген Президент жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.
Экологиялық таза тағам ұғымы әлемдік талғамға айналды. Бұл мәселеде де болашақта Қазақстан «Made in Kazakhstan» брендінің жағымды көзқарас қалыптастыруына еңбек сіңіретін болады. Болашақта еліміздің ауыл шаруашылығы әртараптандырылып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейетін болады. Бұл өте батыл қадам. Мұндай қадамға өзіне сенімді адам ғана барады. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігі де бірінші басшы назарынан тыс қалмады.
Адами капитал сапасын жақсарту, білім сапасын көтеру бүкіл ақпараттық технология мен жаңа мүмкіндіктерді түгел игеруге ұмтылып жатқан ел үшін ең маңызды шаруа. Ендеше, Елбасының үштілділік, оның ішінде мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінің статусын көтеруге байланысты тапсырмалар беруі оның көреген саясатының көрнісі. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет»-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Биылдан бастап енгізіле бастайтын «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы да қарапайым халық үшін жасалып отырған игілікті істің бірі деуге болады. Тегін оқытумен қамтамасыз ету жас мемлекеттің бақ-қуатынан хабар береді.
Әлеуметтік жәрдемақылардың болашақта өсетіні де халық көңіліне медеу. «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте»-дейді Мемлекет басшысы. Ендеше, Қазақстанды болашақта көптеген игілікті істердің күтіп тұрғаны анық.
Кеңес БЕРДАЛИЕВ,ғалым-экономист, профессор.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста