«Ы.Алтынсарин-2015» республикалық пәндік олимпиадасы өтіп жатыр

«Ы.Алтынсарин-2015» республикалық пәндік олимпиадасы өтіп жатыр

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен еліміздің жеті облысында республикалық «Ы.Алтынсарин - 2015» пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Биыл олимпиадаға қатысуға еліміз бойынша 4000-нан аса мектеп бітіруші оқушылар ниет білдірген деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы аталған оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеті облыс бойынша өтіп жатқан білім сынағы бірдей уақытта сағат 12.00-де басталды. Олимпиада атап айтқанда, Алматы қаласында; Алматы облысының Талдықорған, Жаркент қаласы мен Райымбек ауданының Кеген ауылында; Жамбыл облысына қарасты Тараз қаласы мен Қордай ауданында; Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қаласында; Қызылорда облысының Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Қызылорда қаласында; сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Семей және Өскемен қаласында және Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында; сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Орал мен Атырау қаласында өтіп жатыр. Білім сайысына тек қана қыз балалар қатысуда.
Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілуде: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия. Олимпиаданың ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл.
Алматы қаласында Қыздар университетінің Бас оқу ғимаратында өтіп жатқан білім сайысын ресми түрде оқу орынның ректоры Динар Нөкетаева ашты. Оқу орын басшысы жиналған қауымға университет тарихымен, тыныс-тіршілігі мен оқу, білім, ғылымдағы жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстырып өтіп, барша қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Оқу орын ректоры сондай-ақ, дәстүрге айналып келе жатқан Ы.Алтынсарин олимпиадасын халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлап отырғандығын атап өтті.
Оқу орын басшысы Динар Нөкетаеваның бастамасымен осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған білім сайысының басты мақсаты - мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, дарынды оқушыларды айқындау, жастар арасында іргелі ғылыми білімді дамыту, білімді жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу болып табылады. Олимпиада облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе өткізіліп жатыр.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында анықталып, марапатталады. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет Ректорының грантына ие болады. Ал, жүлделі орын алмағандарға, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендерге ҚазМемҚызПУ-ға бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіліп, оқуға түсуге түрлі жеңілдіктер жасалады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста