«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгермек

«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгермек

«Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық» НҚА порталында жариялаған тиісті бұйрықта жаңа тәртіптер жазылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласының уәкілетті органы оны өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады. Аудан, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ бөлімнің интернет-ресурсында орналастырады», - делінген жаңа редакцияда.

 

Сонымен қоса, конкурстың алғашқы кезеңі биыл мамырда басталады. Бұрын педагогтерден өтінмдерді қабылдау қыркүйек айында жүргізілетін. Ал конкурстың II кезеңі тамызда, финалы қыркүйекте ұйымдастырылмақ. Ескі ереже мерзімі бойынша сайыстың қорытындысы қараша айында шығарылатын.

 

«25 қазан Республика күні және 5 қазан - Мұғалім күні болып енгізілуіне байланысты конкурсты өткізу датасы өзгерді. Осыған байланысты аталған нормада I кезеңді өткізу мерзімі қыркүйектен мамырға ауыстырылды», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

 

Бұған қоса, І және ІІ кезеңдерде қатысушарды бағалау тәртібі де өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, енді үміткерлерге өңірлік комиссия мүшелері ұпай береді. Соның негізінде жеңімпаз анықталады.

 

«Өңірлік комиссия шешімінің қорытындылары бойынша 100 балдың кемінде 80 балын жинаған 10-ға дейінгі конкурсқа қатысушы конкурстың І және ІІ кезеңінің жеңімпаздары болады. Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізіледі. Онда конкурстың жеңімпаздары анықталады», - деп жазылған өзгеріс мәтінінде.

 

Бұйрық 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста