Университет профессорлары мен оқытушылар үшін ең төменгі жалақы белгіленді
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша, штаттағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері:
* оқытушыға – 240 000 теңге;
* аға оқытушыға – 276 000 теңге;
* қауымдастырылған профессорға – 312 000 теңге;
* профессорға – 420 000 теңге;
* ұлттық ЖЖОКБҰ-ы профессорына – 480 000 теңге.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне бұйрықты ЖЖОКБҰ атқарушы органы басшыларына жеткізу тапсырылды.
Өз кезегінде, ЖЖОКБҰ-ның атқарушы органы басшыларына осы бұйрықты басшылыққа алу және оның 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz