Ұлттық құндылық – рухани жаңғырудың кепілі

Әрбір халықтың өзінің бойында атадан балаға ұласып келе жатқан, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған, күнделікті тыныс-тіршілікте қоғамның дамуында айқын көрініс беріп келе жатқан, тек сол ұлттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады.

Қазақ халқының ең үлкен тарихи  құндылығы – ол Отан сүйгіштігі, қазақтың осы қасиетін ұлттық патриотизмі деуге болады. Ұлттық патриотизм туған жерін, елін сүюден, өз ұлтын шексіз қадірлеуден құрметтеуден тұрады. Қазақтың бойында қалыптасқан осы дәстүрлер атадан балаға қалып келе жатқан ұлттық ерекшелік, ұлттық дәстүр деп айтуға да болады. Себебі, біздің жерімізді мекендеген бізге дейін өмір сүрген ата-бабаларымыздың бойында да осы ұлы қасиеттің болуының арқасында. Осы ұлан-ғайыр даланы ұрпағына сақтап қалу үшін жан беріп, қан төккен бабалар ерлігін ұлы дала патриотизмі деуге болады. Осы тайпалардың, халықтардың қазақ жерін мекендеген біздің ата-бабаларымыз екендігі түрлі тарихи дәлелдермен негізделген тұжырым. Ал енді, осы қазақтың ұлан-ғайыр даласын мекендеп, оны жан-тәнімен қорғап ұрпағына қалдырған ата-бабамыздың асыл қасиеті отансүйгіштік, елін, халқын қадірлеу әрбір қазақтың бойында болғанын келешек ұрпақ санасында жаңғырғанын қазақтың мәңгілік ел болғанын тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаев та армандады.

Елбасымыздың осы азғантай тұжырымдамасынан біздер аға буын да, жастар да үлгі алуымыз керек сияқты. Қаншама қиын қыстау кезендерде, сұрапыл соғыстарда біздің ата- бабамыз отансүйгіштігін көрсете білді. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің батыр ұлымыз Сұлтан Баймағамбетов кеудесін от шашып, өлім сеуіп тұрған пулеметтің аузына тосса, батыр ұшқыш ұлымыз Нұркен Әбдіров өзінің оқ тиіп жанып келе жатқан ұшағын жау колоннасының үстіне құлатып, өзі мерт болумен бірге қаншама фашистерді жер жастандырды. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты қыздарымыз да ерлік көрсетіп «Кеңес одағының батыры» атағын алды. Әрине, қыздарымыздың бойындағы отансүйгіштік қасиет те ғасырлар бойы қалыптасқан апаларының ұлттық патриотизмінің заңды жалғасы деуге болады. Қазақ әйелдері ерлермен бірге атқа отырып, егеулі найзасын, қылышын қолына жаумен шайқасқан, керек кезінде ханға да қараға ақылшы, серік бола білген.

Тіпті қарапайым отбасындағы қазақ әйелдерінің ерлері соғысқа кеткенде егеулі найзасы, ерттеулі аты қасында болып, жаудың ұсақ шолғыншыларынан, жасақтарынан ауылда қалған бала-шағаны яғни қазақ халқының болашағын сақтап қалып отырған. Қазақ халқының атадан балаға маңызын жоймай жалғасып келе жатқан қадір-қасиетінің бірі бауырмалдық. Бұл қасиетіміз ерекше басқа ұлттарда кездесе бермейтін қазақтың бойында ғана болатын қазаққа ғана тән ұлы қасиет деуге де болады.

Қазақтың бауырмалдық қасиетінің бір көрінісі өзгені өзекке теппейтін, көпшіл, қонақжайлық қасиетіміз. Осы құндылығымыз кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр кезеңінде қазақ жеріне жер аударылған кәріс, шешен, неміс, т.б. ұлттарды жатырқамай қабылдап, қолымыздағы нанымызды өзімізге жетпей жатса да солармен бөлісіп жеп, аман-есен жеңіс күнін бірге тойлағанымыз ол халықтардың есінен әлі күнге дейін шықпайды. Біздің осы қасиетімізді олар әлі күнге дейін ұмытпайды. Келешек ұрпаққа өсиет, аманат қылады. Осы қонақжайлылығымыздың арқасында қазір тәуелсіз қазақ елі 130-дан астам ұлт пен ұлысты біріктіріп тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Қазақтың бойындағы құнын жоймай келе жатқан өміршең қасиеттерінің бірі – қонақжайлылық қасиеті. Қазақ біз үйіміздегі ең тәуір асын қонаққа тартады, өздері жемесе де қонақтың жеп, қонақтың риза болып кеткенін қалайды. Халқымызда «Көшпес бұрын көршіңді сайла» деген мақал бар. Себебі, бабаларымыз көршісімен тату-тәтті болуды шариғат бойынша құптарлық дүние екенін әуелден білген. Өйткені, көрші туыстан да жақын. Тіршілік болғасын өлім бар, қаза да болады. Сондай кезде бірінші болып босағаңа бас сұғатын басқа емес осы көршілер. Бірақ соңғы уақытта үйіміздің айналасын үлкен қамалдықпен көршіміздің кім екенін білмейтіндей жағдайға жеттік. Біз әдет-ғұрып, салт-санаға бай халықпыз. Мысалы, үлкенді сыйлау, оның сөзін тыңдау, оның алдынан кесіп өтпеу, үлкендер тұрған жерде дарақыланып қатты күлмеу, қоғамдық көлікте болсын, үйде болсын үлкендер кіріп келгенде тұрып орын беру ұлттық дәстүріміздің бір парасы. Біздің атадан балаға жалғасып келе жатқан осы құндылықтарымызға да көлеңке түсе бастаған сияқты. Үлкен ақыл айтса, тіпті өзіміздің ата-анамыздың ақылын жүре тыңдайтын дәрежеге жеттік.

Қазақтың мықты болып өсуін, ұрпақтың әлжуаз, аурушаң болмауын аталарымыз әріден ғылыми тұжырыммен жеті атаға дейін үйленбеуді ұрпағына аманат еткен Біз азат елміз, біз қазақпыз деп емін-еркін әлі де айта алмай келеміз. Әлі де бір белгісіз күшке үлкеніміз де, кішіміз де жалтақтаймыз. Ойымызды емін-еркін айта алмай, құлдық сана, ақыл-ойымызды, ерік-жігерімізді тұсаулап тастағандай күйдеміз. Соның әсерінен жастар тәрбиесі де ақсап келе жатыр. Өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, енгізуді іске асыра алмай келеміз. Соның әсерінен жастарымыз батысқа, радикалдық діни ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Бір жағынан аға ұрпақ та құлдық сананың әсерінен жалтақтап, жастарға өз ойын айта алмай келеді. Мысалы, мен осы ойларымды ақылымның көптігінен оны басыма сыйғыза алмай жазып жатқаным жоқ. Бірақ, осы ойларым дұрыс па, оны жұртшылық қалай қабылдап жатқанынан бейхабармын. Өйткені, ешкім пікір айтпайды. Жастар жағы дұрыс деп, үлкендер бұрыс жерің мынада, оны былай түзеуіміз керек деп пікір айтпайды.

Бір жағы мұсылман болған соң, мұсылманның бір міндеті өзің білген нәрсеңді жұртқа пайдасы тиер деп айту міндет болғаннан кейін айтып жатырмын. Біздің президентіміз де өзінің басынан өткізген тәуелсіз мемлекет құрудың қиындығын айтып, өз ойын халқымен бөлісіп жатқаннан кейін мәңгілік ел болу үшін ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу әрбір азаматтың борышы екендігін еске салып, оны ұрпақ санасында жаңғырту азаматтық парызымыз деп есептеймін. Әрине, ұлттық құндылықтарымыздың ескіргенін жаңалау, өткенімізді өшірмей барымызды бағамдау бір күнде орнына қоя салатын оңай шаруа емес. Ол елімізде бастау алған рухани жаңғырудың бастауы, шығар шыңы, алынатын қамалы. Рухани жаңғырудың негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, ал ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруы – салт-санамыздың, ақыл-ойымыздың, өміріміздің жаңғыруы екенін еске алсақ ұлттық құндылықтар рухани жаңғыруымыздың кепілі екендігі даусыз.

Автор. Қанат Оралбекұлы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста