Ұлағатты ұстаз – мақтанышымыз!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

Сәтбаев қаласының Қазақмыс корпорация тау-кен колледжінің математика пәнінің оқытушысыБоранова Жаңылсын Әбілқызы

Боранова Жаңылсын Әбілқызы 1981 жылы Гурьев (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мұғалімі мамандығы бойынша айырықша белгімен бітіріп шықты. Өзінің педагогикалық еңбегін Никольский қалалық №2 орта мектебінде қатардағы мұғалім болып бастады. 1984 жылдан бастап тау-кен техникумына мұғалім оқытушы болып ауысады. 2002 жылдан 2006 жылға дейін №4 Абай атындағы мектеп – лицейінде тәжірибелік жұмыс жасау мақсатында еңбек етті (Қарағанды облыстық мұғалімдерді қайта дайындау курсын мектеп басшылары үшін бітіре отырып, курстық жұмысының нәтижесін ғылыми зерттеушілік жұмысымен ұштастырып, оны әдістемелік құрал ретінде мемлекеттік тілде жазып шықты.) Бұл еңбек алғашында орыс тілінде «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» журналында ( №3 2005 ж.) жарық көріп, педагогика және психология мәселелеріне ұлттық мектептерге үлкен септігін тигізді.


Еңбек еткен жылдарында оқытушы Боранова Ж.А. үлкен жетістіктерге жетті. Өзін өзі жүйелі түрде дамыта отырып, өздігінен өз білімін арттыра білді. Жаңылсын Әбілқызы компьютерлік жаңа технологияларды меңгерудің нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша политехникалық колледждер арасында BASIC тілінде есептеу техника негіздері пәнінен математика пәнімен байланыстырып, тест жүйесіне арналған бағдарлама құру арқылы студентердің біліктілігін арттырды.

Педагогтың әдістемелік жұмысы мемлекеттік стандартты ескере отырып жүзеге асырылады. Осы жұмыстың жемісі ол - «Алгебралық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу» тақырыбына арналған жеткілікті түрде студенттерге арналған әдістемелік көмекші құрал компьютерлік теруден өткізіліп дайындалды. Педагог Жаңылсын Әбілқызы өз маманының шебері. Оған дәлел ретінде қазіргі заманға сай электрондық оқулықтар дайындауға ат салысып отыр.

Қазіргі заманға сай, өз білімін жетілдіру арқылы оқушыларға арналған Қарағанды облыстық Кіші ғылыми академиясы ұйымдастырған Компьютерлерге арналған POWERPOINT бағдарламасы бойынша «Мен үйрете аламын ... » атты тақырыбына оқушыларды дайындап бағдарламасын қазылар алқасына ұсынды. Бұның нәтижесі- оқытушы мен оқушыларға Қарағанды облыстық Кіші ғылым академиясының профессоры С.В. Терехин сертификат тапсырды. Оқытушы математика және информатика пәндерінен екі тілде еркін сабақ бере отырып, өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарайды. Оның дәлелі ретінде мына сабақ сызу, техникалық механика, математика пәндерімен тығыз байланыстылығының бір көрінісі.


Өз білімін жетілдіруде интернет арқылы алынған ақпараттар ролі өте жоғары. Сол ақпараттар арқылы оқушылардың білімінің сапасын арттыру оқытушының алға қойған мақсаттарының бірі болып есептеледі.
Өз білімін жетілдіруде компьютерлердің сапасы өзгеруіне байланысты ұдайы жаңа жетілдірілген техниканы өз бетінше меңгеруге тырысады.


Техниканы еркін әрі сапалы меңгеру ( сканер, принтер, факс, ксерокопия, әртүрлі жадыға USB-2, флэшкаларды жазғызу түрлері , оның ұтымды пайдаланылуы сабақтың сапалы берілуіне әсерін тигізеді. Кітапханада бос уақытын ұтымды пайдалану жүйеге айналған. Студенттер алдында өз пәнінен сабақтан тыс ақпараттарды жинау, оны үйірме жұмысында пайдалану әрі болашақ мамандарға өз пәнінен өмірге керекті жақтарын пайдалануда үгіт-насихат жұмысын жүргізу оқытушының өмірлік мақсатына айналған.
Мысалы, үйірме жұмысының тақырыбы «Хеопс пирамидасы» атты пікірталас ұйымдастырылды, осы тақырыпқа байланысты студенттер құрылыс материалдары, үйдің жобасы, оның дизайны т.с.с. туралы қосымша ақпараттарға ие болды әрі өз дамуына керекті ақпарат жинады. Оқытушының әр түрлі іс шараларға байланысты оқу, тәрбие жұмысындағы жетістіктердің нәтижесі ретінде мақтау грамоталарымен марапатталды. Отбасында адал жар, ардақты ана, ал жұмыста білікті маман. Жолдасымен бірге үш қыз бала тәрбиелеп ұзатты. 2015-2016 оқу жылынан бастап Казақмыс корпорациясына қарасты колледжінің ТР-11 тобының оқытушысы болып еңбек жолын жалғастыруда. Сол топта біздің балаларымыз тәлім алуда. Біздің балалар өте білікті маман Жаңылсын Әбілқызының қарамағында оқып жатқанына ризамыз.

ТР-11 тобы оқушыларының ата-аналары.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста