Ұл баланы тәрбиелеудегі ең маңызды нәрселер

Ұл баланы тәрбиелеудегі ең маңызды нәрселер

 Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», - дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.

Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сіз болыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын қаласаңыз, қызығушылығын арттыруға тырысыңыз.

4. Әйел затын құрметтеуге үйретіңіз. Қарындасын түрту, бақшасындағы қыздардың шашын тарту – бұлар түсіндіруді қажет етпейді деп ойлайтын шығарсыз, бірақ бұл жазалауға тұратын іске әкелуі мүмкін.

5. Әдеп қағидаларын үйретіңіз. Дастарханға үлкеннен бұрын қол созбау, өзінен кішілерге жол беру, дұрыс қарым–қатынас жасау – бұл майда–шүйде деп ойламаңыз. Мұқият болсаңыз, келешекте өзгелер үлгі ететін ұлдың анасына айналасыз.

6. Бір нәрсеге сенсе, оның бетін қайтаруға тырыспаңыз. Мысалы, Аяз Ата, сиқырлы таяқшаға, алтын балыққа... Бұлардың бәрі ізгілікке қызмет ететін образдар.

7. Сыпайылыққа тәрбиелеңіз. Ұл бала - жұмсақ сыпыртқы емес. Бірақ, реті келгенде сыпайылық, яғни дипломатиялық іске бейімділік қажет.

8. Бірге саяхатқа шығып тұрыңыз. Бұл арқылы сіз ұлыңыздың үйдегі мен түздегі өзін-өзі ұстау қабілетін байқай аласыз.

9. Басқаларға жақсылық жасауға үйретіңіз. «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» екендігін ұқтырыңыз.

10. Тәжірибе – уақытымен. Егер ұлыңыз бір нәрсені ойдағыдай істей алмаса, оны жазғырмаңыз. Бұл білмегендіктен не тәжірибесіздіктен емес. Уақытымен тәжірибе жинап бейімделіп кететініне сендіріңіз.

11. «Неге?» деген сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз. Ұлыңыз көп сұрақ қойса қуаныңыз. Бұл оның ақыл–ойының дамуына, жетілуіне ықпал етеді. «Неге?» деген сұрақ қоймауынан Құдай сақтасын.

12. Әкесімен тығыз қарым – қатынас орнатыңыз. Ұл бала эмоционал жағынан көбіне анаға жақын болғанымен, рухани тұрғыда әкеге жақын. Әкесімен қарым–қатынас ұл баланың бойына ерлік қасиеттерді дарытады.

13. Бірге армандап үй құрыңыз. Мейлі топырақтан, мейлі оймен. Ұл баланың жұмысқа қабілеті – кішкене «құрылысшылықтан» басталады.

14. Ұлыңызды уақытымен еркелетіп, жылулық сездіріңіз. Махаббатпен тәрбиелеген баланы бұзу оңай емес. Балаңыздың жүрегіндегі махаббат оны көп жамандықтан қорғайды.

15. Әрқашан үйден мақтау естіп тұрсын. Сонда көшеге үйір, үйді зындан көретін балаға айналмайды.

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста