"ТҮРКСОЙ" кафедрасы түркі халықтарының ғылыми орталығына айналмақ

Таяуда «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауыменТҮРКСОЙ кафедрасы мен «Түрксой» ғылыми білім беру және мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай ашылған орталықтағы салтанатты жиынға халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстан Республикасындағы Түркіменстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған түркітілдес этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері, ұлттық университеттің ғалымдары, оқытушылары, студент-жастары қатысты.

«ТҮРКСОЙ» – барша түркі елдерінің басын біріктіретін салиқалы ұйым. Аталған ұйымның ЮНЕСКО-мен терезесі тең. Ұлттық университеттің шығыстану факультеті Ирантану, Үндітану, Корейтану, Конфуций-Қытайтану орталықтарынан бөлек тағы бір орталықпен толықты. Түркітілдес халықтардың бай рухани мұрасын зерттеу және қазіргі түркі мемлекеттерінің өзара халықаралық қатынастарын дамыта түсу мақсатында ТҮРКСОЙ орталығы мен кафедрасы жұмысын бастады. Әл Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымжан Мұтановтың айтуынша, жаңадан ашылған кафедра Қазақстан мен бүкіл түркі елдері арасындағы алтын көпір іспеттес. Мұнда тілтану, түркітану, әдебиеттану, тарих, саясаттану, философия және мәдениеттану салаларында түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ кафедра оқытуышылары басқа да түркі елдерінің жоғары оқу орындарымен студенттер алмасып жұмыс істеуге де әзір» - деді ректор.

Түркітанушы ғалымдардың айтуынша, түркі елдерінің саяси, мәдени, экономикалық тұрмысын зерттеп-зерделейтін ұйымдағы ғалымдар мен мамандардың еңбектері бір орталыққа жинақталғаны өте орынды. Сондықтан бұл орталық түркі халықтарына ортақ ғылыми-мәдени орталыққа айналмақ.
Ұлттық университетте ашылған ТҮРКСОЙ орталығына Асқар Тұрғынбаев басшылық етеді. Бірнеше жыл ТҮРКСОЙ ұйымында қызмет еткен Асқар Тұрғынбаевтың тәжірибесі ашылған орталықтың ісін дөңгелетуге септігін тигізеді деп сенім артып отыр Д.Қасейінов мырза.

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов өзара ғылым, білім, гуманитарлық және өзге қызметтік бағыттардағы әріптестік келісім-шартына қол қойды. Сондай-ақ, университет ректоры Ғ.Мұтанов халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновті «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне және түркі әлемінің терең құндылықтарын әлемге танытуға қосқан үлесі үшін» атты алтын медальмен марапаттады. Ал Дүйсен Қорабайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановқа алғыс білдіріп, арнайы «ТҮРКСОЙ» медалін табыстады.

©Нұрғиса Елеубеков (фотолар)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста