Тіл мен мәдениетті ұштастырған фестиваль

Тіл мен мәдениетті ұштастырған фестиваль

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасына 30 жыл толуына орай жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде тілдер және мәдениет фестивалі аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аталған шараға АҚШ, Испания, ҚХР, Түркия, Вьетнам елдерінің арнайы өкілдері қонаққа шақырылды.
Концерттік бағдарламаға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Қытай, Корея, Ауғанстан, Германия, Испания, Швейцария, Жапония, Вьетнам және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты. 
Бұл концерттік іс-шарада шетелдік студенттер орыс және қазақ тілдерінде, сонымен бірге өз елдерінің ана тілдерінде де әндер орындап, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді. Ал театр клубының мүшелері орыс тілінде шағын көрініс дайындады. Әсіресе,студенттердің күшімен қойылған «Айболит» деп аталатын ертегі- көрінісі түрлі-түсті киімдерімен және қатысушы студенттердің рөлдерін тартымды етіп ойнауымен өте қызықты болды.
Өткен жылы оқып кеткен бітіруші бір топ шетелдік студенттер келіп, кафедраны 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, әсем әндерін орындады. 
Сонымен қатар факультет туралы, нақтылап айтқанда, Қазақстандағы шетелдік азаматтарға арналған ең алғашқы факультет туралы және студенттердің факультеттегі өмірі туралы екі бейне түсірілім көрермендердің назарына ұсынылды. 
Кафедраның және факультеттің тарихы туралы айтылатын бірінші бейне түсірілімді кафедра оқытушылары мен шетелдік студенттер әзірлеген. Факультеттегі өздерінің білім алу үдерісі барысында елтану мақсатымен Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі тарихи орындарына жасаған саяхаттары туралы айтылатын екінші бейне түсірілімді шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты елтану клубының жетекшісі Т.В. Курманова және осы клубтың мүшелері шетелдік студенттер дайындаған. 
Кафедраның оқытушылары да екі ән орындай отырып, өздерінің студенттеріне тосын сый жасады. Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.

Саденова А., Койлыбаева С., Дюсетаева Р.К.
Шетелдіктердің тілдік және 
жалпы білім беру дайындығы 
кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста