Талдықорғандағы оқушыларды форманы бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген

Талдықорғандағы оқушыларды форманы бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген

Оқу жылының басталуына екі айдан сәл аз уақыт қалды. Осы тұста ата-аналар балаларына мектеп формасын іздей бастады. Бірақ Талдықорғанның кейбір оқу орындарында белгілі бір өндірушінің ғана киімін "таңдау" туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-аналардың бірінің айтуынша, мектеп чаттары алдағы оқу жылына арналған мектеп формасының түрлері мен стилін белсенді түрде талқылай бастады. Кейбір оқу орындарында мұғалімдер балаларға киім алу керек дүкендердің мекенжайларын беріп қойған.

 

"Бізге Glasman фирмасынан мектеп формасын сатып алу керек екенін айтты. Маған бұл өндірушінің сапасы ұнамайды. Сондықтан басқа компанияны таңдағым келеді. Ата-аналардың көбі келісіп, осы дүкендерге бармақ. Ал мен үшін бұл лобби жасау, жеке киім дүкендерінің мүддесі", - деді Zakon.kz тілшісіне жергілікті Мақпал есімді тұрғын.

 

Талдықорған қаласының білім бөлімі әкімдіктен белгілі бір өндірушіден киім сатып алу туралы нұсқау жоқ екенін айтты. Керісінше, қала билігі мұндай мәжбүрлі сатып алуды тоқтатуды көздеп отыр.

 

"Біздің тарапымыздан мұндай нұсқау болған жоқ. Мектептер белгілі бір фирмалардан форма сатып алуға міндеттемесін. Белгілі бір мердігерден мектеп формасын сатып алуға мәжбүрлеген жағдайда дереу білім бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді Zakon.kz сайтына қалалық білім бөлімінен Жасұлан Қанағатов.

 

Бүгінде Талдықорған мектептерінде 33 мың бала білім алып жатыр. Биыл бірінші сыныпқа 2700 оқушы барып, алғаш рет партаға отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста