Бүгін, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен "Балапан" бағдарламасы аясында бой көтерген 180 орынды бүлдіршіндерге арналған "Айсұлу" балабақшасының салтанатты ашылу салтанаты өтті.
Қазақ, ағылшын, орыс тілінде оқу-іс әрекеттерімен айналысатын жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда жасөскіндердің денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай көмек беретін психолог ұстаздар бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, музыка және спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған ойын алаңшалары, жазғы бассейіндер бар.
Бір сөбен балабақша таза, ыңғайлы және кең болып, жас ұрпаққа қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
"Алаш айнасы"