Шығыста IQanat республикалық олимпиадасы аяқталды

Жыл сайын өткізілетін IQanat олимпиадасына ауыл мектептерінің 8-сыныптың әрбір оқушысы үлгеріміне қарамастан қатыса алады. Биыл да IQanat олимпиадасының мүмкіндігіне ие болу үшін бақ сынаған шәкірт көп. Шығыс Қазақстанда IQanat олимпиадасына 2000-нан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтанатына ауданның арнайы қамқоршылары мен IQanat High School of Burabay мектебінің түлектерінің ата-аналары келіп өз балаларының жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар еріктілер олимпиадаға қатысушыларды үйлестіріп, арнайы қолдау көрсетіп, тренигтер жүргізді, көтеген ауыл балалары түсуді армандайтын жаңа IQanat High School of Burabay мектебі туралы кеңінен мағлұматтар берілді.

IQanat 2017 жылы қыркүйек айында пилоттық жоба ретінде Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданында (Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Қатон-Қарағай, Көкпекті, Үржар) негізінде басталған. Бірегей білім беру жобасы ауыл мектептеріне ғана арналған. Негізгі мақсат – елді мекендердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру.

IQanat олимпиадасы ауыл мектептері арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені, бұл олимпиадаға оқушылар электронды түрде ақысыз тіркеліп, оқу үлгеріміне қарамастан олимпиадаға қатысу мүмкіндіктері бар. IQanat олимпиадасының ерекшелігі - олимпиадада ұтылғандар болмайды. Қатысушы жарыстан шыққанына қарамастан білім алу үшін күресуге дайын болса, IQanat қоғамдық қоры ары қарай да қолдап, жетелейді. Осы мақсатта жоғары оқу орындарына түсуге тегін дайындық бағдарламалары бар.

Қыдырбек Айболбек, Көкпекті ауданы, ерікті:

Мен «IQanat» республикалық олимпиадасының үш кезеңінен табысты өтіп, ерікті болып қатысып тұрмын. Біз IQanat олимпиадасына өз еркімізбен келіп, көмек көрсетеміз. Олимпиадаға қатысушыларға кеңес беріп, қолдау білдіреміз. Мен жуықта IQHSB базасында он күндік күндізгі оқу түріндегі қарқынды-сессияға барып келдім. Бүгінгі олимпиадада мен қатысушыларға тренинг жүргізіп, ұйымдастырушыларға көмек беріп, үйлестіру жұмыстарына ат салысып жүрмін.

 Амреева Айгүл, Көкпекті ауданының тұрғыны, ата-ана:

Менің балам олимпиадаға қатысушы үміткерлердің бірі. Ұлым Азамат жыл бойы дайыналып, бүгін бағын сынамақшы. Біз отбасымызбен ұлымыз Азаматқа қолдау көрсету үшін келдік. Менің үлкен қызым Жанұзақова Инара «Iqanat» республикалық олимпиадасының 3 кезеңінен өтіп, жуықта IQHSB базасында он күндік қарқынды сессияға барып келді. Қызым Инара «IQanat» олимпиадасына қатысқалы бері, өз бетінше оқуға, белсенді болуға, ағылшын тілін үйренуге, өзін тұлға ретінде бағалауға үйренді. Бүгін олимпиада да ерікті ретінде қатысуда. Отбасымызбен «Iqanat» республикалық олимпиадасын бағалаймыз, мүмкіндіктері шексіз.

Джансултанова Айнагуль Тоқтамұратқызы , Катонқарағай ауданы білім бөлімі әдіскері

Біздің аудан жыл сайын өтетін IQanat олимпиадасына белсенді қатысады. IQanat олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен ұсынылатын пәндік олимпиадалар қатарына енгізілген. Жылдан жылға ауданымызда оқушылармен қатар ата-ана мен ұстаздар тарапынан да олимпиадаға қызығушылық білдіріп жатқандар артып келеді. Ауданымызда IQ IP бағдарламасы бойынша Бурабайдағы Qanat High School of Burabay мектебіне қарқынды сессияға қатысып жатқан оқушыларымыз да бар. Бүгінгі таңда біздің ауданнан 9-10-11 сыныптардан бірнеше оқушы eduway.kz білім беру платформасында тегін дайындықтан өтуде.

Есболқызы Елдана, 8- сынып оқушысы, Күршім ауданы,

Мен Iqanat олимпиадасын қатыстым. Олимпиада тапсырмалар өте қиын деп айта алмаймын, көп қиындық тудырған жоқ. Естелікке сыйлықтар алдым. Олимпиада туралы ұстаздардан естіп, Iqanat.kz сайтына кіріп, көп мағлұматтар алдым. Менің арманым - «IQanat» республикалық олимпиадасының үш кезеңінен табысты өту.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста