Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы

Г.Әбдіқалықова бүгінгі басқосу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғандығын атап өтті.

«Болашақ» бағдарламасы іске асырылып келе жатқан 23 жыл ішінде 9 339 адам әлемнің үздік университеттерінде жоғары білім алған. Президенттің «Болашақ» стипендиясы – Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесімен жедел интеграциялануын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берген ұлттық жоба.

Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының бәсекеге қабілетті түлектері Қазақстанның одан әрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне маңызды үлес қосатынын, сондай-ақ елімізді әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосуды басты мақсат еткен «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға белсене атсалысатынын айтты.
Комиссия отырысында Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмасының орындалуы туралы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің есебі тыңдалып, «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.
Отырыс барысында комиссия шешімімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша әзірленген 2017 жылға арналған Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітіліп, келесі жылғы стипендиялардың шекті саны анықталды.
Магистратурада және докторантурада оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 231 үміткерге комиссия шешімімен стипендия тағайындалды.
2016 жылы 544 адамға стипендия тағайындалды.
Г.Әбдіқалықова отырыс қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыруға қатысты тапсырмалар берді.

akorda.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста