Сапалы фото, видео жасау. Негізгі қағидалар.

Сапалы фото, видео жасау. Негізгі қағидалар.

Камераның көзін қоғамдық пікірмен, жеке көзқарасымен көретін фотограф бола білу өнер. Фотографтың назарына ілінген кадрдың астарында бір мән болады. Егерде сапалы суретке түсіре білсеңіз, сіздің объективке ілінген суреттіңде мән-мағынасын аша білуіңіз қажет.

Кәсіби фотограф болуы үшін жаттығу керек. Фотоаппаратты ауыстырып жүріп, объективті жинау қажет. Әртүрлі объективпен суретке түсіріп көрген соң, негізгі құрал – жабдық туралы іліміңіз өсе түспек.

 

Кеңес

Кәсіби фотографтармен сұхбат құрып, интерьер таңдай біліңіз. Адамдардың эмоциясын кадр арқылы жеткізу керек. Ең алғашқы түсірген суретіңіз өзіңіздің көңіліңізден шықпаса, онда баз кешудің қажеті жоқ. Бастысы өзіңізді шыңдай түсіңіз. Фотографтарға арналған шеберлік сыныптарға қатысып біліміңізді арттырыңыз. Өзге фотографтардың түсіру тәсіліне назар аударыңыз. Оларды бақылап, фотоның өзегін, объектісін, түсін байқаған жөн. Қалтаңыздағы смарфонды алып, ерекше суреттер жасаңыз. Негізінде жақсы фото түсіру мүмкіндіктері өте көп. Ең алдымен фото түсіру үшін, камераның линзасын сүртіңіз. Бұл кеңес «артықтау» көрінгенімен, осы линзаның зақымдалуымен не кірлеп қалуынан фотоңыздың сапасы бірнеше есеге нашарлайды.

 

Есте сақтаңыз

Егер де сіз қалаған нысан алыс қашықта орналасқан болса, ерінбей барып жанынан түсірген абзал. Себебі, нысанды жасанды камераның жақындату тетікшесін басып, қолданатын болсаңыз, фотоның сапасы нашарлайды. Егер де нысанға белгілі бір жағдаймен жақындай алмасаңыз, сіз оны сапалы смартфон арқылы түсіріп, кейін нысанды – суретті «өңдеп» кесіп алуыңызға болады. Егер де зумды қолдансаңыз, фотоңызды кесіп алғаннан кейін де нашар болуы мүмкін.

Жарық ерекшелігі  (вспышка)

Нағыз фотографтар суретке түсіргенде жасанды жарықты қолданбайды. Табиғи жарық фотоға жан бітіреді,ал жасанды жарықты түнде қосуыңызға болады. Түнгі уақытта «Авто» режиміне қойып көріңіз. Бұл режим жарықты қосу не қоспауды өзі шешеді. Егер де түсірген фотоңыз сапасыз болып тұрса, жарықты бір өшіріп, қайта жарықтты реттеп қосып түсіруіңізге болады.

Мобилография

21 ғасыр басында «мобилография» сөзі кең етек жая бастады,  2004 жылы «Бүкіләлемдік мобилографтар қоғамдастығы» құрылды. Оның басты мақсаты:әлемге мобилографияны кеңінен таныту. Көздің жауын  алатындай кадрларды түсіріп үлгеру, оған ерек әр беру, кез келген жанның қолынан келмейді. Дегенмен де әуелі мобилографтың еңбегі тіпті бағаланбаған. Уақыт өте келе арнайы курстар ашылып, ондағы жолгер ұстаздар мамандарды дайындай бастад.Қазіргі таңда мобилография  жеке бір мамандық дәрежесіне жетті.

Камера алдындағы қабілет

 Әлбетте, «Vlog» камера алдында сөйлеудің ең жеңіл-желпі түсі. Себебі бұнда шеберлік басты орында емес. Сөйткенмен қабілет болғаны келісті. Бұл тіпті сізге өзіңізді тілшілік жағынан шыңдауға таптырмас тәжірибе көзі. Сондықтан камера алдындағы қабілет, шешен сөйлеуді қалыптастырыңыз. Бұл тек сізге емес, видео блогыңызды өзгелердің көруіне дағы тиімді. 

  «Vlog» түсіріп болғаннан кейін оны дереу жариялауға асықпаңыз. Өңдеу қажет. Бұл маңызды. Өйткені «Vlog» сіздің бейнеңіз, сіздің шығармашылық жұмысыңыз. Сондықтан монтаж жасап үйреніңіз. Ең болмағанда сапалы түсіріңіз.

 

Сапалы видео түсіру

 Видеоны енгізу материалдың тартымдылығын  арттырады. Фото мен сипат сіздің мәтініңіздің құнын еселей түспек.

      Сайтқа кірушілердің 65 пайызға жуығы видеоны міндетті түрде көреді;

      Тек видеоформат арқасында қана минимал заман ішінде максимал көлемдегі ақпаратты беруге болады;

      Видеоның орташа ұзақтығы — 1 минут, статистика бойынша қолданушы мұншама шақ әлдекім нәрсеге зейін қоя алады. Ал максимал түрде 4 минуттан аспағаны абзал;

      Мұнша мерзім аралығында сіз жеткізгіңіз келген проблема жан-жақты айтылып үлгеруі керек.

Қолданушылардың 50 пайызға жуығы видео қарағаннан кейін сайтта 3 минутқа тарта болады екен. Алайда сайтыңызға әзір жадығат салынғанға шейін ұзақ процесс бар. Қарапайым қолданушы үшін ұялы телефоннан интернетке жүктеуді білу жетерлік болса, тілші үшін видеоның сапасы мен салмақтылығы маңызды назарда болуы қажет. Видеосюжетті түсіру — еңбекті, шығармашылықты талап ететін, алдын-ала сюжет турасында ойлап, техникалық дайындықты тиіс ететін процесс. Мыналарға басқаша зейін аударғаныңыз лазым:

      штативқа арналған платформаға;

      радиомикрофондарға (өзіңізбен бірге бар құрылғылары баршылық екеніне бастау жеткізіңіз);

      батарейкаларға;

      жабдықпен қамтамасыз ететін құралдарға;

      құлаққапқа;

      үстеме бөлшектеріне сақ болыңыз.

Есте сақтаңыз

Қай жерде өз материалыңызды түсіргіңіз келеді, сіздің көздегеніңіз камерада қалай көрінуі қажеттігін алдын-ала анықтап алыңыз. Алдын-ала ауа-райын қараңыз — мүмкін сізге қолшатыр қажет болатын шығар!

Түсірілім алдында сәуленің жағдайларын қарап, адал баланс орнатып, сюжетті қалай түсіретініңізді ойлаңыз. Шығармашылық тәсіл Кадрден қалай әңгімеңізді ашып көрсетуге болады? Қалай картина мен үн арқасында сюжеттің мәнін жеткізсем болады? Бұл сұрақтарды ойлаңыз.

Өтірік, қойылымдық кадрлар жасамаңыз. Қарапайым жандар актер емес, оларға жасанды роль беру аз уақыт ішінде ешқандай нәтиже бермейді. Әр қашанда кадрдің шынайы шығуына мән беріңіз. Съемканы аяқтар алдында бірнешеу резервтік кадрлар жасаңыз. Сондай-ақ түсірілімнің техникалық қорларына да мән беріңіз. Тек оператор боп қана қоймай, журналист есебінде де ойланыңыз: не айтылып жатқанын тыңдаңыз, сәтті шыққан ракурстарды байқай отырып, Монтажды бастар алдында, сізде екінші сақтық материал бар екендігін ескеріңіз. Әрдайым өзіңізге қолда барлық материалды 100% қолдана отырып қалай сапалы видео құрастырсам болады деген сауал қойыңыз.

Изтаев Нұршат

Т. Жүргенов академиясы, Медижурналистика, 2-курс

                                              

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста