Қызылордадағы сан түрлі мамандықты даярлайтын оқу орны

Қызылордадағы сан түрлі мамандықты даярлайтын оқу орны

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі дуалдық оқыту элементтерін оқу-тәрбие процесіне енгізуді республикада алғашқылардың бірі болып бастады.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларымен қатар «Орыс тілі», «Шетел тілі», «Музыкалық білім беру», «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» мамандықтарының оқушылары да қатыстырылды. 2012-2013 оқу жылынан бастап экспериментке «Театр-сәндік өнері» мен «Актер өнері» мамандықтарының студенттері де қатыстырылды. Колледжде құрылып, жабдықталған «Шеберлік» орталығында аталған мамандықтардағы әдістеме пәндерінің практикалық сабақтарының бір бөлігі кіріктірілген жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес өткізіледі. Мысалы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы білім алушылары бағдарлама мазмұнына сәйкес балабақшадағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін ертегіні анықтап, ертегі мазмұнының сценарийлік желісін дайындаса, «Орыс тілі» мамандығының білім алушылары сценарий желісін орыс тіліне, «Шетел тілі» білім алушылары ағылшын тіліне аударып, үш тілдегі ертегі сценарийін таспаға түсіреді. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері ертегі кейіпкерлері мен ертегі желісі бойынша суреттер салады, мүсіндер жасайды. Ал «Технология» мамандығының студенттері ертегі кейіпкерлеріне сахналық киімдер тігіп, қуыршақ театры үшін қол қуыршақтарын жасаса, «Театр-сәндік өнері» мамандығы білім алушылары ертегінің сахналық қойылымы үшін безендірулер жасайды, «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері сахналық қойылымның мазмұнына сәйкес оның музыкасын таңдап, таспаға түсіріп, дайындайды. Осылайша бірнеше мамандықтың кіріктірілген практикалық жұмыстарының нәтижесінде әрі балабақшадағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-дидактикалық база жасақталады әрі мамандықтар білім алушыларының өз біліктіліктеріне сәйкес кәсіби-функционалдық, қолданбалы-практикалық құзыреттілігі артады. Дайын өнімді машықтанушылар тәжірибе жинақтау жұмыстарында пайдаланады.
Жүргізілген кіріктірілген эксперименттік жұмыстардың құндылығы оның кәсіби білімді игерушілер үшін де, оқу орнының оқытушылары үшін де, балабақша тәрбиешілері үшін де, тәрбиеленушілер үшін де тиімділігінде болып отыр.
Колледжде даярланушы «Актер өнері» мамандығының «Драма театры артисі» біліктілігі бойынша алғашқы топ 2011-2012 оқу жылында, екінші топ 2013-2014 оқу жылында қабылданды.
Облыстық мәдениет басқармасының және Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының сұранысы бойынша 2012-2013 оқу жылында ашылған жаңа мамандықтың бірі - «Театр-сәндік өнері» мамандығы (біліктілігі - «Суретші-безендіруші»). Аталған екі мамандық білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін өндіріс талаптарына сәйкестендіру мақсатында қаладағы Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрымен, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясымен және колледжімен кәсіби-әлеуметтік келісімшарт жасалып, арнайы пәндер Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткізілсе, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында сахна шеберлерінің мастер-кластары мен тренингтері жүргізіліп тұрады. Білім алушыларға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, театрдың бас режиссері Хұсейін Әмір-Темір, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Үмүгүлсім Бегімова, ҚР Мәдениет қайраткері Залипа Төлепова, театр артистері Ұғым Баймаханов, Жорабек Досаевтар, Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының оқытушылары - Неміс театрының режиссері, актер Қ.Адылов және басқа да елімізге танымал кино және театр актерлері, белгілі профессорлар мен өнер майталмандары дәріс береді.
Мысалы, биылғы 2014-2015 оқу жылында Өнер академиясымен жасалған келісімшарт бойынша 19-24 қаңтар аралығында «Актер өнері» мамандығы білім алушылары үшін «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Би» бойынша, «Театр-сәндік өнері» мамандығы білім алушылары үшін «Кескіндеме», «Үйлестіру», «Театртану технологиясы» бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтерді Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында өткізу жоспарланған.
Дуалдық оқыту нәтижесінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология», «Музыкалық білім беру», «Театр-сәндік өнері» мамандықтарының оқытушылары мен білім алушылары елеулі табыстар мен шығармашылық жетістіктерге жетіп отыр.
Колледждің түлегі «Театр - сәндік өнері» мамандығының оқытушысы, жақында ғана Қазақстан Суретшілер одағына мүше болып қабылданған суретші-декоратор Қалымбетов Нұркеннің шығармашылық жұмыстарының негізгі тақырыбы - тарихи жанрдағы және майлы бояу техникасымен жазылған жұмыстар. «Суретші-безендіруші» біліктілігі бойынша даярланатын «Театр-сәндік өнері» мамандығының білім алушылары сахналық образ, спектакльдің көркемдік шешімін жасауды, көлемдік кеңістікті ойлауды, бутафорлық жұмыстарды, материалға фактуралық имитация жасауды меңгереді. Колледжде алған білімдерін өндірісте, яғни мұражайда, театрда, суретшілер шеберханаларында жалғастырады. Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының суретші-декораторларымен бірлесе театрлық қойылымдардың композициясын құрып, декорациясын дайындауды үйренеді.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы оқушыларына сәндік қолданбалы өнер сабақтарында кесте, гобелен, бисермен жұмыстар, жүн шикізатын өңдеу арқылы бұйымдар жасау, құрақ құрау, батик өнерінен жұмыстар орындауға қолөнер пәнінің оқытушысы И.Шамшатова басшылық жасайды. Мектеп бағдарламасында қол өнерге көп сағат берілмеген, бірақ оқушылар бұл өнерді сабақтан тыс факультатив сабақтарда енгізуге машықтанады. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша дайындалған шығармаларымен оқушылар түрлі байқау, көрмелерге қатысып, шығармашылық табыстар мен жетістіктерге жетіп жүр. Оқушылар халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестиваліне жылда қатысып тұрады. Жұмыстары шеберлер қолдауымен марапаттарға да ие болды. Оқытушы И.Шамшатова да өз шығармашылығын үнемі жаңа инновациялық технологиялармен толықтырып, шығармашылық байқауларға, көрмелерге қатысып отырады. 2014 жылдың қазан айында өткен Республикалық ІІ қолөнершілер байқауында «Ақмоншақ» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді және «Жылдың үздік ұстазы» номинациясына ие болды.
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының аға оқытушысы К.Бабасова сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырын оқушыға үйірме жұмыстарында да меңгертеді. Ата-бабамыздан сақталып келген құрақ құрау өнерін жаңа заман талабына сай орындауға өз шәкірттерін машықтандырады. Құрақтан түрлі киімдер, тұрмысқа қажетті көрпе, жастық бұйымдарын кестелеу өнерін кіріктіре үйретеді. Оқытушы тек оқушыларға үйретумен шектелмей, өз шеберлігін шыңдау мақсатында түрлі байқауларға шәкірттерімен қатысып тұрады. Нәтижесінде Республикалық ІІ қолөнершілер байқауында «Салтанат» номинациясы бойынша І орынды иеленді.
inform.kz  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста