Қызылорда облысында мектеп директоры 5-сынып оқушысын ұрып-соққан
Қызылорда облысы Жаңадария ауылындағы мектеп директоры 5-сынып оқушысын ұрып-соққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде мектеп басшысының оқушыны ұрып-соғып, кейін кінәсін жуып-шаю үшін оқушының үйіне келіп ақша ұсынған видеосы тарады.
Бұдан соң бала басқа мектепке ауыстыруды сұрап өтініш хат жазған.
Хабарламаға Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
"Тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, басқа ақпарат бермеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу