ҚазҰУ-дың  Жас талапкерлерге арналған «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

  • 21
ҚазҰУ-дың  Жас талапкерлерге арналған «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих  факультетінде    «FARABI UNIVERSITY OPEN DOORS» ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты- мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламалармен таныстыру. Аталған іс-шараға Алматы қаласының  М. Мақатаев атындағы №140  мектеп-гимназия, №81 мектеп-гимназия, М. Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназия, №138 мектеп-гимназия, №146 мектеп-лицей,  №92 мектеп-лицейлердің бітіруші оқушылары және Алматы көпсалалы колледжі, Қаскелең мәдениет колледжінің 3 курс студенттері мен мұғалімдері қатысты. 

         Іс-шараны тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Д.С. Байгунаков ашты. Факультет тарапынан Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Р.С. Мырзабекова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі профессор Б.Б. Кәрібаев, Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі PhD                   Р. Жұматаев, республикаға белгілі профессорлар Қ.Т. Жұмағұлов,                                 Т.Ә. Төлебаев, А. Қалыш, Б. Қалшабаева және оқытушылар атсалысты. Профессор-оқытушылар құрамы оқушыларға факультеттің жетістіктері, білім беру бағдарламалары, халықаралық қосдиплом білім беру бағдарламалары, халықаралық байланыстар, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобаларға жас ізденушілерді тарту, жұмыспен қамтамасыз ету, жатақхана, студенттік өмір туралы толық мәліметтер берді.

        Факультет 2023-2024 оқу жылдарында төмендегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:

       Гуманитарлық ғылымдар дайындық бағыты бойынша (ҰБТ-дағы пәндер Дүние жүзі тарихы және география):

       6В02205-Тарих

       6В02206- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

       6В02210-Археология

       6В02211- Этнология және антропология

        Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және архив ісі дайындық бағыты бойынша (ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті):

       6В03204- Архивану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету

       6В03205- Кітапханалық ақпаратттық жүйелер білім беру бағдарлама

       6В03208-Сандық архивтану және құжаттану

      Бүгінгі таңда тарих факультетінің түлектері  орта, арнаулы  оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік басқарма органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету бөлімдерінде, мәдениет мекемелері мен ұйымдарында, халықаралық және ұлттық компанияларда, ұлттық қауіпсіздік, әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салаларда қызмет жасай алатындары туралы  да айтылды.

       Шара соңында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысына жауапты оқытушылар  мектеп және колледж оқушыларын ҚазҰУ қалашығында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығымен, Әл-Фараби кітапханасымен, университет және факультеттегі мұражайлармен таныстырды.

Мамандықты дұрыс таңдау адам өміріндегі ең маңызды іс. Жаңа Қазақстанның  дамуына өз білімімен және біліктілігімен үлес қосам деген әрбір жас түлекті республикадағы ең алдыңғы қатарлы университет,  қасиетті қара шаңырақ – ҚазҰУ - ге білім алуға шақырамыз.

    

          Алпысбаева Н.К. - Әл-Фараби ат. ҚазҰУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Оразаев Е.Т. - Әл-Фараби ат. ҚазҰУ аға оқытушысы.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 231
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 279
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста