Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасынан 6 медаль алды

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасынан 6 медальды жеңіп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды.

 

Олар:

 

Байшуақ Райымбек – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

 

Юркевич Мирон - Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;

 

Жан Дәуітов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

 

Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

 

Нағашыбек Мухаммед – Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

 

Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

 

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін мүмкіндіктер жасау. Сондай-ақ Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста