Қазақстанда барлық бастауыш сынып тегін тамақпен қамтылады

Қазақстанда барлық бастауыш сынып тегін тамақпен қамтылады

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңге, ең жоғары баға Алматы қаласында - 800 теңге.

 

"Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайыз болды. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізілетін болады", - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

 

Айта кетейік, министрлік өкілдері мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста