Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап күшейді

Қазақстанда мемлекеттен тапсырыс алатын балабақшаларда талап күшейтіледі. Жаңа ережеге сәйкес мұнда балалар үшін жайлы жағдай жасалып, қауіпсіз болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Шенеуніктер талапы күшейту мәселесін балабақшаларда жанжалдың көбеюіне байланысты қолға алған. Ал мұндай жағдайлар көбіне жекеменшік балабақшада орын алады екен. 

"Биыл бір жағдай тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Педагог жұмыстан қуылды. Барлық қызметкерлермен түсіндірме жұмыстары жүруде. Кәсіби жарамдылығы тексеріледі. Мұндай мәселе жекеменшік балабақшаларда болады. Мүны жасырмаймыз", – деді Түркістан облысы Адам әлеуетін дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаев. 

Қостанайдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланың бұғанасын сындырып жіберген. Алайда жедел жәрдем шақырудың орнына баланы тыныштандырмақ болған. Нәтижесінде оны емдеуге жіберген, ал тәрбиеші еңбек демалысына шыққан. Кейін жұмыстан қуылды. Ал балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапқа тартылды. 

"Иә, кешірім сұрады. Жағдайы қалай екенін сұрады. Бірақ неге дәл осылай жылжытқысы келгенін түсіндіре алмады. Не үшін жылжытқан. Полициядан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғаны туралы хабарлама келді", – деді зардап шеккен баланың анасы Дана Мағауина. 

Ата-аналар тәрбиешілердің қол көтеретініне және тиісті жағдайдың жасалмайтынына жиі шағымданады. Ал оқу-ағарту министрлігінің өкілдерімұның жалпы жүйенің мәселесі екенін айтады. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшалар үшін талап күшейтілді. 

"Біз мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талапты күшейту туралы бұйрықты қабылдадық. Енді мемтапсырыс жаңа ереже бойынша орналастырылады. Ол бойынша балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасалуы керек", – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. 

Енді балабақшаларба бейне бақылау камералары, дабыл батырмасы мен ішкі дыбыстық құлақтандыру жүйесі орнатылуы керек. Сонымен қатар санитарлық талаптарға сай болуы да қаралады. Әрі тәрбиешілерге қойылатын талап күшейеді. Білім басқармалары балабақшаларды аралап, шарттармен танысу құқығына ие болады. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста