Қазақстанда 2 ЖОО-ға зерттеу университеті мәртебесі беріледі

Еліміздегі 2 жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін 3 жоғары оқу орнын зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді», - деді Саясат Нұрбек.

 

Оның дерегінше, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді зерттеу университетіне трансформациялау бойынша даму бағдарламасы мен қаулы жобасы дайындалды.

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың зерттеу университетіне ауысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

«Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету мақсатында өмір бойы оқыту тұжырымдамасы қабылданды. Бейресми білімді тануды қамтамасыз ету үшін біліктіліктің Ұлттық шеңберін өзектендіру пысықталуда», - деді ол.

 

Министрдің атап өтуінше, академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асқан 10 жылдың ішінде 17 000-нан астам қазақстандық студент шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алды.

 

Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында осы бағдарлама бойынша оқудан өткен студенттер саны - 2 320 адамды, 2021 жылы 3 246 адамды құрады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста