Қазақ ғалымының ағылшын тілінде монографиясы жарық көрді

Қазақ ұлттықт аграрлық университетінің "Тағам инженериясы" кафедрасының профессоры, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлының жетекшілігімен ағылшын тілінде "Innovative technologies of grain crops processing" атты ғылыми монография жарық көрді.
Монографияны шығаруға Брашовдағы Трансильван университетінің профессоры, PhD докторы Ливию Гачео және профессор Ә.Ә. Оспановтың шәкірттері – техника ғылымдарының докторы Муслимов Н.Ж. (Тараз Инновационды-гуманитарлық университет), техника ғылымдарының кандидаты, доцент Тимурбекова А.Қ. (ҚазҰАУ "Тағам инженериясы" кафедрасы), техника ғылымдарының магистрі Джумабекова Г.Б. (М.Х. Дулати атындағы ТарМУ) ат салысты.
Монографияда Қазақстан Республикасындағы астық дақылдарын өндірудің заманауи жағдайы мен даму тенденциясын талдау келтірілген. Қайта өңдеу үшін астық қорларын дайындадың заманауи мәселелері қарастырылған. Ауылшарушылық өсімдіктері дәндерін қайта өңдеудің негізгі технологиялық үрдістерінің ғылыми-теориялық негізі келтірілген, атап айтқанда: кептіру, майдалау, араластыру және экструзиялау. Жарма өндіру мекемелерінің техникалық жабдықталуы және тез дайындалатын тағам өнімдерін өндірудің технологиялық шешімдері, сонымен қатар өмірде бар Қазақстанда және шет елдерде әр түрлі ұн және ұн өнімдерін өндіру технологиясы, қолданылуы және артықшылығы сарапталған және бағаланған. Қазақстандық селекциялы көп дәнді дақылдан алынған композитті ұн мен тағам өнімдері спектрін кеңейтуге байланысты мәселелер қарастырылған. Бұршақ дәнді дақылдарды толық түрде ұнтақталған ұнға және жоғары дәрежедегі дайындығы бар тағам өнімдеріне қайта өңдеудің мәселелері жайлы ақпарат берілген. Өндіріс пен Қазақстандық селекциялы көп дәнді дақылдан алынған астықты өнімнің диапазонын кеңейтуге қатысты негізгі мәселелердің заманауи әдістері келтірілген.
Ғылыми монография "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" және "Технологиялық машинар және жабдықтар" мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары докторанттары мен магистранттарына арналған.
Айта кету керек, осы монографияның бір авторы профессор Ливию Гачео ҚазҰАУ-не бірнеше рет келген, мұғалімдер мен магистранттар алдында дәрістер оқыған, әр жылы өтетін Халықаралық магистрлік жазғы мектеп жұмысына қатысқан. ҚазҰАУ мен Трансильван университеті арасында ғылым-оқу және мәдени салада қарым-қатынас жайлы Бас келісімшартқа қол қойылған. Бірлескен ғылыми монографияның жарық көруі екі жоғары оқу орындары арасындағы тығыз қарым-қатынастың тағы да бір жарқын көрінісі болып табылады.
2015 жылғы сәуір айының 13 мен 17 жұлдызы аралығында Алматы қаласында директоры профессор Михаэль Цёбиш болып табылатын халықаралық қарым-қатынас жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) Бағдарламасы жүргізген оқу бағдарламаларын жасау туралы Регионалды семинар болып өтті. Семинарға оқу бағдарламалары жөніндегі Сарапшы профессор Гудрун Каммаш, тағам гигиенасы жөніндегі Сарапшы профессор Вильгельм Пёщель, сонымен қатар Орталық Азия және Қазақстаннан өкілдер қатысты. Осы семинарда профессор Оспанов Ә.Ә. жарық көрген "Innovative technologies of grain crops processing" атты ғылыми монографиямен таныстырды, нәтижесінде көрсетілген монография Орталық Азия және Қазақстанға арналған "Тағам өнімдерін өндіру технологиясы саласындағы ғылым Магистрі" Регионалды оқу бағдарламасының бірнеше модульдері үшін арналған негізгі әдебиет тізіміне ұсынылды.

Алмат Исәділ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста