Қарағандыда жасөспірімдер сыныптасын аяусыз ұрып, денесіне темекі шоғын басқан

Қарағандыда жасөспірімдер сыныптасын аяусыз ұрып, денесіне темекі шоғын басқан

Қарағандыдағы №54 мектептің 9-сынып оқушысын сыныптастары аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен баланың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Жәбірленуші жасөспірімнің анасы оқиғаның емтиханнан кейін болғанын айтады.

 

"Емтихан тапсырып болған соң ұлымның 4 сыныптасы былай шығып, баламды таяқпен соққыға жыққан, түкірген, темекі қалдықтарын денесіне өшірген. Балам ауруханаға түсті. Ал полиция болса, мұндай әрекет жасағандар тек аз ғана айыппұл төлейді деп отыр", - дейді ол.

 

Жасөспірім бұған дейін де сабаққа барғысы келмейтінін айтып, бірнеше рет анасынан өтініп сұраған.

 

"Баламның оқығысы келмейтінін айтып, басқа сыныпқа ауыстыруды немесе қашықтықтан оқытуды сұрап мектеп басшылығына барып едім, тоқсан ортасы болды, рұқсат жоқ деп келіспеді. Мен жалғызбасты анамын. Баламды қалай қорғайтынымды білмей басым қатты", - дейді Қарағанды тұрғыны.

 

Әйел баласының соққыға жығылғаны аздай, жәбірлеуші тараптың жаласына қалғанын айтады.

 

"Менің ұлыма бір қыз жала жауып отыр, тиісті дейді, оны әлгі ұрған балалар айтқызып отыр. Баламның соққыға жығылғаны аздай, енді жаланың астында қалып отыр. Ол қыздың шешесі полицияға барып, "қызыма бейәдеп қылықтармен тиісті" деп, бізге қарсы арыз жазған. Кейіннен ол қыз жаңағы ұрған ұлдардың сөйтіп айтуға көндіргенін мойындады. Қаскүнем ұлының қылмысын жасыру үшін ата-аналардың өзі осындай әрекетке барып отыр", - дейді соққы жеген ұлдың анасы.

 

Ал облыстық полиция бұған дейін бұл әрекетке қатысты ешбір шағым түспегенін айтады.

 

"Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық істі тіркеді. Бұған дейін осы факт бойынша ешкім өтініш білдірген жоқ", - дейді полиция.

 

Ал жәбірленушінің анасы ұлын соққыға жыққандар жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста