Педагог мамандығын таңдаған талапкерлер қосымша емтихан тапсырады

ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев педагогикалық мамандық таңдаған абитуриент арнайы емтихан тапсыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Биылдан бастап педагог мамандығын таңдаған талапкерге қойылатын талап та күшейді. Олар ЖОО түсуді анықтайтын ҰБТ бөлек, тағы екі емтихан тапсырады. Мақсат – ЖОО тапсыратын жастардың педагогикалық қызметке бейімділігі қаншалықты деңгейде екенін анықтау.

«Талапкердің білікілігін жоғарғы оқу орындарында өткізілетін арнайы емтихандар арқылы белгілейміз. Болашақ студенттің педагогикалық кәсіп таңдауға лайықты ма, жоқ па оны арнайы тапсырылатын тосын жағдайдан шығу жолы мен психологиялық тест арқылы анықтаймыз», – деді С. Өмірбаев.

2016 жылдан бастап ҚР «Білім туралы» заңының 9-бап 26-тармағына сәйкес педагогикалық және өзге де арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар арнайы емтихан тапсыруға міндетті деген өзгеріс енгізілді.

Емтихан ЖОО базасынан бекітілген 22 университетте өткізілмек. Олар 14 облыс орталықтары және Астана, Алматы, Арқалық, Жезқазған, Түркістан, Семей қалалары. Арнайы емтихан шілденің 2-14 аралығында жүргізіледі. Ал құжат қабылдау рәсімі 20 маусым – 9 шілде арасында.
 kazbilim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста