Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ал бүгінгі күні математика, химия, физика, тарих пәндерін жетік меңгеретін, тест сұрақтарына жақсы жауап беретін, бірақ сол алған білімін өмірде қолдана алмайтын үздік оқитын оқушылар кездеседі. Сондықтан да баланың функционалдық сауаттылығын дамытуда, пәндік білім беруде оқушылардың өмірінде алған білімдерін орнымен жүзеге асыра алатын сауатты тұлға болып өсуіне бағыттау, бағыт-бағадар беретін бүгінгі жаңа форматтағы мұғалімдер [1]. Пәндерді оқыту барысында оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.

Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр[2]. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1 - ден 3 - сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8 - сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып - оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді [4]. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы [3].

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді. Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты әр пәнге кіргізіп оқытып үйретуге болады. Ол үшін оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Мысалы, дүниетану пәнінен «Судың маңызы» тақырыбында оқушылар су туралы оқулықтан ғана емес, тәжірибе жасау арқылы көп нәрсеге көз жеткізді. Сабақ барысында судың қасиеттерін айта отырып, адам өмірі мен жануарлар өміріне маңыздылығын оқып білді. Қорыта келгенде су туралы ырымдар, мақалдар айтып өтті. Оқушылар судың маңызын біліп, оны қорғауды, үнемдеуді үйренді. Суды үнемдеу дегеніміз әр отбасына керек. Отбасында мектептен үйренген дүниесін айтып, оны қолдана білсе, бұл да өмірде нағыз керек нәрсе. Алдымызда оқып отырған оқушыларымызды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету керек. Сонымен қатар әдебиет пәнін алатын болсақ мәтіндегі әр оқиғаны өмірмен байланыстырып, мысал келтіру арқылы оқушының өз қолынан келетін істерге көздерін жеткізуге болады. 2-сыныптағы әдебиеттік оқудағы «Аппақ бала» мәтінін алатын болсақ баланың жуынып, тазалықты сүюіне себепші болған анасының бір ауыз сөзі. Мәтінді оқып отырған бала тек тазалыққа ғана емес, сонымен үлкендерді сыйлау, тілалғыштыққа тәрбиеленеді. Оқушы оқығанын өмірде қолдана білсе, тек жақсы жағына қарай үйренуді «Қамқорлық» мәтініңде де кездестіруге болады. Тағы бір мысал ретінде дүниетану сабағымда оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты үй құстарының суреттерінің қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлдім. Бұл әдістің мақсаты оқушыларды шығармашылықпен шапшандыққа баулиды. Сабақтарда оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып тақырыпқа байланысты түрліше топқа бөліп отыруға болады. Математика сабақтарында геометриялық пішіндер арқылы, сандармен, туған күндерінің сандарымен және қазақ тілі пәнінен сөз таптарының түрлерімен, сюжетті сурет қиындысымен, смайликтермен, түсті қағаз қиындыларымен, дүниетану сабақтарында есе жанурлардың, өсімдіктердің түрлерімен, жыл мезгілдерімен, тірі және өлі табиғат денелерімен топқа бөлінуге болады.

Бүгінгі әлемдегі көптеген елдер ұстанып отырған бағыт - баланы ең әуелі логикалық ойлауға үйрету, яғни қазіргі ақпараттар кеңістігінде өзін еркін сезінуі тиіс, өз бетімен білім ала алатын, білетінін өмірде қолдана алуы керек.

 Смекенова Гулбану Турсынбековна

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

« № 27 орта мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттер тізімі:

1. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы. 3. https://www.zkoipk.kz

4. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста