Оқушы қызды педофилден құтқарған балалардың ерлігін полиция мойындамады

Астанада қыз баланы педофилден құтқарған мектеп оқушылары көпшіліктің алғысын алуда. Алайда, полицейлер олардың ісін мойындайтын емес.

Астанадағы №52 мектептің алдында белгісіз ер адам 6-сыныпта оқитын қыз баланы ұстап алып, әкетіп бара жатқан жерінде, мұны 8-сынып оқушылары байқап қалған.

Өздерінен әлдеқайда үлкен екендігіне қарамастан, олар жігіттің қолын қайырып, полицияға тапсырады. Қайсарлық танытып, ерлікке барған Әлішер Саятов пен Шамғон Зейінов мектеп директорынан алғыс хат алғанымен, ішкі істер басқармасы бұл турада үнсіз қалыпты.Тіпті педофилияға күдікті ретінде ұсталған жігітті босатып жіберген.

Оқиғаның қалай болғанын оқушылардың өзі де айтып берді.

"Таңертең мектептен келе жатқанда Баянсұлу деген қыз жылап тұрды еңіреп, дірілдеп. Жақындап сұрадық не болды деп. Анау ағай қызға келіп "жүр кеттік" деп айтқан ғой. Сұрағанбыз кім болады деп. Ол әкесімін деді. Қыз әкем емес деді. Ағай тиісе берген ғой оған. Содан кейін қолын көтерейін дегенде қолынан ұстап қалып, аяғынан шалдық", - дейді оқушы Әлішер Саятов.

Осы жайтқа байланысты қыздың анасы да дереу арыз жазғанымен, тәртіп сақшыларының уәжі басқа болып шықты.

"21 жастағы күдікті азаматтан жауап алынды. Ол достарымен спирттік ішімдік ішкенін, сол себепті, мас болғанын мойындады. Бірақ ол қызға тиіспеген. Автобус аялдамасына келе жатқанда, алдынан қыз бала шыққан. Ол оқушы қызды айналып өтпек болып, қыз баланы қолымен итеріп жіберген", - дейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің маманы Айгүл Ержекенова.

tv7.kz 

Nur.kz


Читать полностью:  https://news.nur.kz/355762.html

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста