Оқушы педагогты балағаттаса, ата-анасы 75 мың теңге айыппұл төлейді

 Оқушы педагогтың ар-намысын таптап, балағаттаса, ата-анасы 75 мың теңге айыппұл төлейді. Түрмеге де қамалуы мүмкін. Сенат мұғалімнің мәртебесін көтеруге байланысты жаңа заң жобасын мақұлдады. Енді президент қол қойған соң, заң күшіне енеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Мұғалімді балағаттап, құқын бұзғандарға Әкімшілік кодексте арнайы талап қарастырылған. Мұндай әрекеттерге барғандарға ең төмені 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 75 750 теңгеден бастап айыппұл салынады, тіпті әкімшілік қамауға алынады.

Шенеуніктердің пайымынша, мұндай шара талай ата-ананы баласын жөнге алуына түрткі болады. Сондай-ақ, педагогтың жұмысына негізсіз араласқан, жөнсіз есеп тапсырған білім беру мекемелері де жазасыз қалмайды. Министрдің сөзінше, бұндай дерек дәлелденсе, кінәлілер 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Жалпы мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы алғаш маусым айында ұсынылған еді. Ал заңды жүзеге асыруға 2024 жылға дейін 5,3 триллион теңге қажет.

КТК

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста