«Оқулықтар балалардың миын ашытып, ұрпақты топас, мәңгүртке айналдырып болды» - журналист

 Ойындағысын іркілмей айтатын белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы мектеп оқушыларының оқулықтарына көңілі толмайтынын жеткізді. Оның ойынша, "Қазіргі оқулықтардың бәрін отқа жағу керек" екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жібек Сейтметова деген желі қолданушысының "Мына ережені балам жаттаймын дегенше шашы ағарды-ау!? Айналып кетейін жаңарғыштар, бағдарлама жаңарғанмен қазақ тілі - сол баяғы қазақ тілі! Баяғы кітаптан ала салмайсыздар ма ережесі түсінікті қазақ тілімен жазылған. Əлде біздің тілімізде "білдірмейтін де мағына" бар ма? "Тілімізде білдіретін мағынасы" деген не сөз?", - деп желіге жариялаған суреті мен жазбасын көзі шалып қалған Сәуле Әбілдаханқызы да қарап қалмады. Бұл жолы да азаматтық көзқарасын білдіріп, "көк тиындық оқулықтарды шығарғанға кеткен шығындарды төлету" жайлы ойын білдірді.

"Қазіргі оқулықтардың бәрін отқа жағу керек. Ал авторларына, сол оқулықты шығарған, бағдарламаға енгізген министрлікке жүз миллиондаған айыппұл салу керек. Көк тиындық құны жоқ оқулықтарды шығарғанға кеткен шығындарды төлеттіру керек. Мұндай оқулықтар балалардың миын ашытып қана қоймай, ұрпақты топас, мәңгүртке айналдырып болды", - деп оқулықтардың сапасы сын көтермейтінін меңзеді.

Осы орайда журналист, кітап басып шығару ісінің бизнеске айналғанын да тілге тиек етті.

"Оқулық жазу да, оны басып шығару да белгілі бір топтың бизнесіне айналғалы қашан!? "Баланың есебінен байығанды, баланың білімі мен денсаулығынан ақша жасағанды, бюджет жымқырғанды қойыңдар!" деп жазудай-ақ жазып жүрміз. Әзірге нәтиже - нөл. Бүкіл оқулықтарды (1-11 сынып) қайта жазып, бүкіл оқу бағдарламасын қайта бекіту керек. Әсіресе, 1-4 сынып оқушыларының миын атала қылғандар - халық жаулары. Бастауыш сынып оқушылары стандарт форматтағы 3-4 кітаптан артық кітап арқаламауы керек.

Жалпы, оқу бағдарламасы ұлттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарға көбірек негізделуі керек.
Ұлттық мемлекет құру балабақшадан басталады!", - деп мектеп бағдарламасы, оқулықтар жайлы көкейіндегі бар ойын ақтарып, Facebook парақшасында жазба қалдырды.

Skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста