Олимпиада – білімділер сайысы

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде арнайы орыс тілінен 4-ші халықаралық олимпияда ұйымдастырылды. Олимпиада «Орыс тілі әлемі» атты тақырыпта өтті.

Олимпиадаға Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Испания, Жапония, Вьетнам, Туркия, Германия және басқа да елдерден келген 39 шетелдік студент қатысты.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева сөз алып, олимпиаданы ашық деп жариялай отырып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Олимпиада бір тур бойынша өтті. Бұл халықаралық олимпиада студенттерге өздерінің орыс тілінен білімдерін тексеруге мүмкіндік берді, тілді білу деңгейінің жоғары екенін көрсетті, өздерінің нәтижелерін жақсарту үшін серпін берді.
Барлық қатысушылар тілді білу деңгейі бойынша екі топқа (А және Б) бөлінді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. А тобында 1-oрынды Куин Чунг Зунг (Вьетнам), 2-орынды Лю Минг (Қытай), 3-орынды Доор Аксель (Германия) иеленді, ал Б тобында 1-орынды Ли Да Енг (Корея), 2-орынды Сантьягоде Ласала Порта (Испания), 3-орынды Алина Багет Яэль (Швейцария) иеленді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталды.
Олимпиада барысында сөз алған шетелдік студенттер өз ойларын орыс тілінде еркін жеткізе білді. Олимпиада талаптарына байланысты түрлі тақырып бойынша әрбір қатысушы алған өз білімдеріне сүйене отырып, Қазақстан туралы, халқының тілі мен мәдениеті және тарихы туралы сөз етті.
Сонымен қатар, жалпы кез келген тілді меңгеру арқылы адамдар басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін және де бір-бірін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салды.
Шетелдік студенттер Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде тіл меңгеру арқылы өз білімдерін тереңдете отырып шыңдады. Ең маңыздысы – олимпиядада шетелдік студенттер өздерінің осы факультетте алған білімдерінің нәтижесін жан-жақты көрсете білді. «Орыс тілі әлемі» атты төртінші халықаралық олимпияда шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

И.И. Сапронова

Р.К. Дюсетаева
А.Е. Саденова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушыларыій

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста