Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушы өлімі: Сыныптастары сабаққа белдемше киіп келген

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушы өлімі: Сыныптастары сабаққа белдемше киіп келген

Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы 11 қабаттан секіріп кеткен болатын. Әлеуметтік желіде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушы ұлдары мектепке белдемше киіп келген фотосуреттер тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, сәрсенбіде оқушы Гарри Потер стилінде мектеп балына әзіл үшін белдемше киіп келген. Оған кураторы дауыс көтеріп, күштеп психологқа апарған. Бала психологпен әңгімеден кейін терезеден секіріп кеткен.

 
Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі де оқушының суицид жасағанын растады. Алайда оқушы мен психологқа қатысты жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. 

Бірақ бүгін Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сабаққа белдемше киіп келген. Олардың фотолары әлеуметтік желіде таралып кетті. 

Сондай-ақ, көз жұмған оқушының шкафына оқушылар қоштасу жазбаларын қалдырған. 

Stan.kz ақпараттың растығын анықтау үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Алайда олар жағдай туралы пікір білдіруден бас тартты. Қазіргі таңда іс "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергелуде. Полиция мектеп қызметкерлерінен жауап алуда. 

“Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектебі ресми ақпарат беретін болады”, – деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста