Шымкент қаласында екі жыл бұрын ашылған № 125 жалпы орта мектебінің бірнеше мұғалімі мектеп әкімшілігінің жөнсіз ақша жинайтынын айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағынды.
 
Олардың сөзінше, мұғалімдер мектептегі пердеге де, қосымша сағат алу үшін де айлығынан ақша беруге мәжбүр.
 
Наразы топты 9 қарашада білім басқармасы басшысы жиналысқа шақырды.