Қазақстанда тарих пәнінің мұғалімі балаларға сабақты оңай түсіндірудің жолын ойлап тапты. Ол Жоңғар хандығына қарсы қазақтардың күресін рэп арқылы түсіндіруді жөн көріпті. Бұл туралы TengrinewsTV хабарлады.
Видеоролик "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Есьже, я приезжий" тобына жарияланды. Бейнебаннан мұғалімнің жаңа тақырыпты 2,5 минутта түсіндіргенін байқауға болады. Оқушылар мұғалімнің бұл әрекетіне қол соғып, қошемет көрсетті. Әлеуметтік желі қолданушылары да мұғалімнің бұл әдісін жоғары бағалады.
Видеоның тақырыбында оқиғаның 94-ші мектепте болғаны жазылған. Бірақ Қазақстанның қай қаласындаболғаны белгісіз.
kaz.tengrinews.kz