Мұғалім екі мектепте қатар жұмыс істей ала ма

Мұғалім екі мектепте қатар жұмыс істей ала ма

Бір мұғалімнің екі мектепте қатар жұмыс істеуіне болатын-болмайтынын Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Басқарма басшысы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен тамыз кеңесінің кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.

 

Бір мұғалім екі мектепте қатар жұмыс істей ала ма? Директор бұйрық шығарып, оған басқа мектепте жұмыс істеуіне тыйым сала ала ма? – деп Білім басқармасы басшысынан сұрадық.

 

Бір мұғалім 1,5 ставка немесе 1,5 ставкадан артық жұмыс істесе, ол ауыр болады. Себебі бір академиялық сағат, яғни 45 минут бойы сабақ берудің өзі қиын. Сол себепті егер мұғалім 40 сағат алып, таңертеңнен кешке дейін 8 сағат бойы тоқтамай сабақ беретін болса, өте қиын болады. Сондықтан бұл сұрақ №57 бұйрықта 1,5 ставкадан реттелген, - деп жауап берді Қасымхан Сенғазыев.

 

Оның сөзінше, егер сағат саны 1,5 ставкаға толмаса, онда мұғалім түске дейін бір мектепте, түстен кейін екінші мектепте жұмыс істеуге құқығы бар.

 

Білім басқармасы басшысы директор мұғалімнің екінші мектепте жұмыс істеуіне тыйым салып, бұйрық шығара алмайтынын жеткізді.

 

Еске салсақ, елордада «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесі өтіп жатыр. Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеген еді.

 

Сонымен қатар 24 тамызда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсіп, орта есеппен 450 мың теңге болғанын мәлімдеген болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста