Менің ұстазым...

Сонаууу шалғай бір ауылда, құмның ортасында, Қарақұм деген ауылда Шәрбану атты ұстазым бар. Қазір ел жиі айтатын МОТИВАЦИЯ деген сөздің тура «тірі ағза түрі». Қашан көрсең «ағысқа қарсы жүзіп», сол ауылды қала қылам, қиындықты жеңіп, ауыл мәселесін шешем, ауыл оқушысының білімін қаладағы алдыңғы қатарлы гимназия мектептерінің білімімен теңестірем, кішкентай ауылдан еліне мақтаныш етер Олимпиада чемпионын шығарам деп жүгіріп жүреді. Әйел болып, әңгімеге де үйір емес. Тек ісімен дәлелдейді.

 «Диван батырлар» жатып алып, тек айналасын сынауды білсе, ол үнемі сол мәселенің бел ортасында жүріп, жұрт сынап жатқан дүниені жөндеуге тырысады. Жатып алып сынауға уақыты жоқ, бар уақытын сыннан қортынды, нәтиже шығаруға тырысады. Кез келген істің жақсы жағын, кемел келешегін көреді. Басқа ауылдар «болашағы жоқ» деп танылып, жабылып, ауыл халқы ауылды тастап көшіп жатқанда, ол ауылға ауданнан ақша сұрап, ауылдың келешегі барына сендіріп, тіпті осыдан екі жыл бұрын ауылға жаңа мектеп салдырды. Шыны керек, дәл қазір бюджеттің ақшасын тиімді игеру жайы сөз болып жатқанда ауыл мектебінің дер кезінде салынып, халықтың кәдесіне асып жатқанына айдалада отырып мен қуанып отырамын. Кейбір шенеуніктер жыл бойына игерілмей қалған ақшаны игермегені үшін сөгіс алып жатса, ол бар ақшаны шашауын шығармай игеріп, халықтың игілігі үшін пайдалануға беріп, барды ұқсатып отырады. Уақытынан сәл кешіккенде, пандемия кезіндегі дағдарысқа ілінгенде ауылыма жаңа мектеп жоқ еді. Айтпақшы сол мектептің айналасын 40 түп шырша, 50 шақты басқа да түрлі ағаштар қоршап, жасыл желек көз қуантып мектептің сәнін келтіріп өсіп тұр. Көлеңкені, ылғалды, құнарлы топырақты жақсы көретін шырша,   Қарақұмның ыстығы мен қалың құмның ортасында, мектептің айналасын саябақ қылып, жайқалып тұр. Айтып отырмын ғой, ағысқа қарсы жүзуден, қиындықты жеңуден Шәрбану апай ләззат алады.

Сайлау науқаны басталғалы бері енді Шәрбану апай көпшілікті дауыс беруге шақырып, еліміздің бүгінгі жеткен жетістігін аяғына дейін жеткізуге елді шақырып тағы тыным таппай жүр. Шыны керек, сайлау десе «бір менің даусым ештеңе шешпес», деген самарқаулық қоғамның, халықтың бойында басым. Ал Шәрбану апай халыққа сайлаудағы әрбір дауыс маңызды екенін, сайлауда дұрыс дауыс беру тұрақтылықтың, ел тұтастығының белгісі екенін айтып, жар құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүр.

«Мемлекет адамға қызмет етеді. Nur Otan партиясы да сол мемлекеттік біртұтастылықпен қоса қызмет атқарып келеді. Соның айғағы сарын даладан аудан орталығынан 110 шақырым жерде жатқан елді мекен ортасынан 2015 жылдың он бесінші наурызы күні алғашқы жолаушылар пойызы жүріп өткен болатын, сондағы қуанған халықтың бағына орай қазіргі таңда тікелей облыс орталығынан шыққан рейс Нұр-Сұлтан қаласына дейін екі күнде апарып, халықтың игілігіне пайдаланылғанына міне биыл бес жыл. Жіңішкеқұм, Абай, Ерімбетжаға ауылдарының халқы осы ортада жүрген темір жол көлігіне мініп, отбасының түрлі шаруасын бітіріп келеді» деп бірде сайлауға орай теміржолшылармен кездесу өткізсе, енді бірде ауыл жастарымен кездесу өткізіп, олардың талап тілегін де ескеріп, «Спорттық тренажёрлық орталықтар болса деп, жастар өз ұсыныстарын айтты. Келешек жастардың бұл арман-тілектері орындалады деген үмітпен оларды саяси сауатты, белсенді болуға шақырдым» дейді. Әрбір ісін әлеуметтік желіде жариялап, ашықтық пен жариялылық бүгінгі күннің басты талабы екенін ескерген заманауи ұстаз ісімен халқына есеп беріп отыруды да ұмытпайды.

«Қоғам өміріндегі діннің орны нақтыланып, мәртебесі көтерілді. Соның нәтижесінде адамдардың ар - ұждан еркіндігінің өрісі кеңейді. Осы тұста айта кету керек, 2009 жылы қыркүйек айында ашылған орталық ауыл мешітінің жаңа ғимараты жомарт жандардың арқасында үздіксіз жұмыс жасап, халық игілігіне қызмет етіп келеді» деп мешіт жамағатымен де, ауыл ақсақалдарымен де кездесу өткізіп арасында, көп балалы отбасылардың үйін аралап, ауыл кәсіпкерлерін де кәсіп етіп жатқан мекемесіне іздеп барып, сайлаудың маңызы, дұрыс таңдау жасау, Тәуелсіздік алған жылдардан бергі ел жетістігі, әлеуметтік жағдайдың көтерілуі жайлы әңгімелесіп, ауыл тұрғындарының талап тілегін де түртіп алуды ұмытпайды.

«Жалғыздың шаңы шықпас» десек те, жалғыз өзі талай жақсы іске бастамашы болып жүрген ұстазым Шәрбану Байділдәқызының әрекетіне қарап сайлау науқанында да күткен межеге жетеріне сенемін. Ауылда дәл Сіздей іскер бес адам, ауданда еңбекқор Сіздей он адам, Республика көлемінде ұлтына адал қызмет етер дәл Сіздей жиырма адам болса еліміз әлдеқашан Мемлекет басшысы күткен озық отыз елдің қатарынан көрінер еді...Үмітіңіз ақтасыншы апай! Біз Сізге сенеміз!

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста