Мектептердегі соңғы қоңырау салтанатын өткізу ережелері бекітілді:
- Түлектер алтын ұяларымен тек ашық аспан астында қоштасуы тиіс;
- Әр бітіруші сынып үшін бөлек іс-шара өткізіледі;
- Оған бір ата-анадан ғана қатыса алады;
- Өзге туған-туысқандар мектеп аумағына кіргізілмейді;
- Салтанатты өткізу уақыты 45 минуттан аспауы тиіс;
- Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға жол берілмейді;
- Барлық қатысушылар бетперде тағып, кемі 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек;
- Дәмхана-мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін өткізуге, түлектерге жиналып серуен құруға қатаң тыйым салынады.
Қағидалар сан-эпид бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.