Мектеп оқушылары онлайн оқуы мүмкін бе? Министр не дейді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz-ке берген сұхбатында «Биыл эпидемиология жағдайы нашарласа, мектептер қашықтан оқытуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бас педагог онлайн оқытуға үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді. Оның ойынша, бала білімді тек мұғалімнен емес, сыныптастарынан да үйренеді.

 

 Министр Асхат Аймағамбетов:

– Қашықтан оқыту болмайды деп үміттенемін. Арасында болатын шектеулерге байланысты қашықтан оқытуға үзілді-кесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен тең келмейді деп есептеймін. Бұл жерде мәселе тек білімде емес, мұнда әлеуметтену мен әл-ауқат мәселесі де бар. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек. Өйткені олар мұғалім сыныпқа келіп, жаңа тақырыпты түсіндіріп бергенде ғана емес, үзілісте немесе асханада бір-бірімен араласқанда да үйренеді.

 

– Дегенмен коронавирус жұқтыру Қазақстанда күннен күнге өсіп келеді. Оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін бе?

 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов:

 

– Бәрі мүмкін. Бірақ менің ұстанымым: қашықтан оқымауымыз керек. Былтыр аурушаңдықтың жоғарылағанына қарамастан мектептерде инфекция өршімегенін көрдік. Мектепте оқыған балалар қашықтан оқитындарға қарағанда әлдеқайда аз ауырады. Өйткені мектепте тәртіп пен дисциплина көбірек. Мектептер ең соңында жабылып, бірінші болып ашылуы керек. Ал базар мен дүкендер ашық болып, мектеп жабылса, бұл дұрыс емес.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста