Мектеп директоры мұғалімдерге күн көрсетпей жүр (видео)

Атырау қаласындағы № 4 орта мектеп ұжымы басшысының бассыздығына наразы. Былтыр қыркүйек айында ғана директор болып тағайындалған Дина Стамғали әрбір ұстаздың басқан ізіне дейін аңдып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жүрген көрінеді. Оның үстіне жанына туыстары мен таныстарын жинап, оларға орын босату үшін бұрыннан келе жатқандарға қысым көрсетіп келеді.

«Мектепте емес, тергеу абақтысында күн кешіп жүргендейміз», - дейді ұстаздар. Гагарин атындағы №4 мектептің 50-ге тарта ұстазы кеше сабақ өткізген жоқ. Олар мектептің акт залында жиналып, оқу жылының басынан бері қордаланған дауды түбегейлі шешуге бел буды. Себебі Дина Стамғали директор болып келгелі бері сабақ жайына қалды.

Файзура АЙТЖАНОВА, мұғалім:
– Біздерге психологиялық қысым көрсетеді. Мысалы, бір педагог-ұйымдастырушыны  жұмысқа алады. Ол кісі менің артымнан бақылайды, нешеде мен жұмысқа келем, нешеде мен классқа кірдім, нешеде мен журналды алдым, қандай сағатта мен аяқ киімімді ауыстырдым...
Басқасы басқа, жаңа басшы ұстаздардың оқыту сағаттарын да қысқарта бастады. Мектеп басшысы болса, жиналысқа келген де жоқ. Хатшысына ауырып жатырмын деп хабарлама жіберген Дина Стамғалидың орнына қалалық білім бөлімі жауап берді.

 Нұрсәуле САЙЛАУОВА, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Екі жақты да мәселе болғаннан кейін, бұл жерде директордыкі бас алып, көз шығару емес қой. Толықтай 100 пайыз ұжымдыкі дұрыс болса, біз мектеп директорын алып тастар едік. 50 де 50 пайыз. Кейбір талаптарға, сабақтың сапасын тексермеңіз, сабағымызға қатыспаңыз деген болмайды ғой.
80-ге жуық мұғалім қол қойған арыздан ештеңе шықпайтын сияқты. Себебі білім бөлімі директордың орнынан кетпейтінін меңзеп отыр. Олардың айтуынша, білім сапасы мен ішкі тәртібі төмен №4 мектептегі жағдайды тек жүйкесі мықты, білімі мен тәжірибесі мол маман ғана дұрыстай алады.

КТК телернасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста