Мектеп басшылары оқушыларға арналған азық-түлікті үйіне тасыған

Мектеп басшылары оқушыларға арналған азық-түлікті үйіне тасыған

Ақтөбеде мектеп асханасынан тамақ тасыған басшылардың басы бәлеге қалды. Енді олардың аз қамтылған отбасы балаларына арналған азық-түлікті үйлеріне тасу себебі анықталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Қызылжар ауылдық мектебінде тіркелді. Еден жуушы кешкі уақытта мектеп асханасынан бір қорап азық-түлік алып бара жатқан директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарын көрген. Заңсыз әрекетті байқаған кіші қызметкер жағдайды видеоға түсіріп алды.

 

– Мұндай жағдай үнемі болады. Кезекші апай басшылардың асханадан пакет-пакет зат алып шығатынын осыған дейін де айтып жүр. Бірақ ол кезде біздің дәлеліміз болмады. Бұл жолы өзім видеоға түсіріп алдым. Аз қамтылған отбасы балаларына арналған тамақты мектептен алып шығу – заңсыздық. Басшыларға соны айтқанымда директордың өзі мені сотқа беретінін айтып қорқытты,– дейді Қызылжар мектебінің кіші қызметкері Роза Нұралиева.

 

Кейін мектептің шаруашылық жөніндегі орынбасары кіші қызметкердің үйіне іздеп барған. Бірақ кіші қызметкер оқиғаны аудандық басшыларға хабарлағаны белгілі болды.

 

Жағдайды облыстық білім басқармасынан анықтадық.

 

 

– Бейне жазбада көрсетілгендей шаруашылық меңгерушісінің үйіндегі тоңазытқышқа қою үшін азық-түлікті алып кетуге оқталу фактісі орын алды. Осы мәселеге қатысты аудандық білім бөлімі жанынан жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.

 

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша еттің тоңазытқышқа сыймай тұрғаны расталды, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары ​​​​​ Д. Жаманбаева.

 

Облыстық білім басқармасы аталмыш мектеп басшыларының жауапқа тартылғанын хабарлайды. Аудандық білім бөлімімен мектеп директорына «ескерту», шаруашылық жөніндегі орынбасарына «сөгіс» түрінде тәртіптік шара берілді.

 

Сонымен қатар, бүгін облыстан арнайы комиссия анықтау жұмыстарын жүргізуге аттанатыны белгілі болды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста