"Мәңгілік ел" идеясындағы еліміздің тарихи-мәдени мұрасы

"Мәңгілік ел" идеясындағы еліміздің тарихи-мәдени мұрасы

2015 жылғы 27 қаңтарында ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік органдар өкілдерінің, белді зерттеушілер мен ғалымдардың қатысуымен «Қазақ хандығының 550-жылдығы аясында тарихи-мәдени мұраның ағымдағы жағдайы туралы» атты тақырыпта брифинг өтті.

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жылы аталып өтетін «Қазақ хандығының 550 жылдығы - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі жыл» екендігі айтылған болатын.

Брифингте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, т.ғ.д. Х.М.Әбжанов пен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, фил.ғ.д. У.Қ.Қалижанов баяндама жасады.

Баяндамашылар ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты гуманитарлық ғылыми-зерттеу институттарында тарихи-мәдени мұраларды жинау, сақтау, зерттеу және жариялану мәселелеріне байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталып, қазіргі күні жүзеге асырылып жатқан «Мәңгілік ел» идеясында ұлттық рухани құндылықтарды пайдаланудың маңыздылығына және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесіне назар аударды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыаясында ғылыми-зерттеу институттарында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы біршама зерттеліп, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған ондаған кітаптар жарық көрді, олардың ішінде қазақ халқының тарихи-мәдени қазынасы болып табылатын ауыз әдебиетінің жинағы –
100 томдық «Бабалар сөзі» сериясын ерекше атап өтуге болады.

2012 жылдан«Ғылыми қазына» пәнаралық бағдарламасы аясында көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихының 20 томнан тұратын көптомдықты дайындау жұмысы жүргізілуде.

Жаңадан қабылданған «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ғылыми іссапарлар барысында шетелдердің қорларында сақталған Қазақстан тарихы бойынша жаңа тарихи-мәдени материалдар анықталып, көшірмелері елімізге жеткізіліп, зерттелуде. Қазіргі уақытта Еуропа, Азия және Америка елдерінің мұражайлары мен мұрағат қорларында сақталған қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін бай коллекциялар (құжаттар, артефактылар, батыс саяхатшыларының естеліктері), ұлттық тарихтың шынайы бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

edu.gov.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста