Магистратура бітіргендер «Болашақ» арқылы қайтадан магистратураға құжат тапсырады алады

«Болашақ» бағдарламасының ережелерін жетілдіріп, тиімді тұстарын көбейту үшін алдағы уақытта бірқатар өзгерістер жүзеге аспақ, деп жазады «Алаш айнасы» порталы «Білім және мәдениет» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұдан былай Қазақстанда магистрант дәрежесін алған адам «Болашақ» бағдарламасы бойынша да магистратураға құжат тапсыра алатын болады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеген еді.
«Шетелде жоғары білікті кадр даярлау бойынша бағдарламаны асыру аясында 2014 жылы 1955 үміткерден 780 адам «Болашақ» Халықаралық стипендия иесі атанды. Магистратура бағдарламасына - 457, докторантураға - 25 және тағлымдамадан өту үшін 298 стипендия тағайындалды. Бұл дегеніміз, 2014 жылы 780 стипендия берілді деген сөз. Осы 780 адамның ішінде 150 адам өз бетінше түскен студенттер, 121 мемлекеттік қызметкер, 101 жоғары оқу орнының түлегі, 72 ғылыми немесе педагог қызметкер, 34 бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және 4 шығармашыл қызметкер бар. Бүгінгі таңда әлемнің 200 үздік жоғары оқу орнында 1823 стипендиат оқуда, олардың басым көпшілігі Ұлыбританияда (931), АҚШ және Канадада (64), Еуропа елдерінде (229), Азияда (63), Ресейде (52) адам оқуда», - деді Ғ.Нығыметов.
«Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасында берілген тапсырмаларына орай, «Болашақ» бағдарламасын жетілдіру бойынша тиісті шаралар қолға алынбақ. Ең алдымен, әрине, біз сан мен сапаның сай келуін қадағалаймыз. Алдағы уақытта студенттердің санына емес, сапасына көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатқа жету үшін былтырдан бастап-ақ біз студенттің мемлекеттік тіл мен шет тілін білуге деген талапты күшейткенбіз. Шет тілін білудің ең төмен деңгейі жоғарылады. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қажетті кадрларды даярлау басым бағыт болып қалады. «Нұрлы жол» бағдарламасын есепке ала отырып, «Болашақ» бағдарламасындағы мамандықтардың тізімі толықты. Енді бағдарламада 343 мамандық бар және осы мамандықтардың басым бөлігі техникалық мамандықтар. Алдағы уақытта сондай-ақ жас мамандардың зерттеу жұмыстарына барынша көп бет бұруын қамтамасыз еткіміз келеді. Бұл орайда магистратура және докторантура бағдарламаларына басымдық береміз. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағы бір өзгеріс көзделіп отыр. Яғни, алдағы уақытта Қазақстанда магистрант дәрежесін алған адамдар «Болашақ» бағдарламасы бойынша да магистратураға құжат тапсыра алады. Бұл өзгеріс қазір Премьер-министр кеңсесіне жетті», - деп толықтырып өтті.
Ғани Сақтағанұлы толықтырып өткендей, 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шамамен 600 стипендия тағайындалмақ. Құжат 2015 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында қабылданады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста