Кітап оқу - студенттің сүйікті ісі

Кітап оқу - студенттің сүйікті ісі

Қоғамның жаңаруы мен жаңғыруына бастайтын жаңа бастамалар мен тың идеялардың қозғаушы күші болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерді жан-жақты тәрбиелеу мен оларға сапалы білім беру мақсатында әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Солардың бірі біздің университеттің студенттері оқуға тиісті “100 кітап” жобасы. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Елдің бүгіні мен болашағының тізгігін ұстар бүгінгі студент жастардың қазақ әдебиеті, әлем классикасының жауһарына айналған шығармаларды сүйіп оқуы мен олардан алар тәлімі руханилықтың алтын діңгегіне айналмақ. Олардың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының нәтижесінде бірнеше тілді меңгерді. Ал М.Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. М.В. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан университетімізде жолға қойылып отырған 100 кітап жобасын жүзеге асыру мақсатында куратор-эдвайзерлер аянбай еңбек етуде. Тәрбие сағаттарында осы жобаны жүзеге асырудың бағыт-бағдарларын түсіндіріп, жастар арасында үлкен қызығушылық тудырған бұл жобаның ғаламтор әлеміндегі, әлеуметтік желілердегі талқылануына талдау жасап, жан-жақты түсіндіруде. Сонымен қатар 100 кітаптың ішінен оқыған шығармаларға талдау жасалып, кітаптың өз өмірлеріндегі мәні мен маңызы туралы ойларын ортаға салады. Жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін түсіндіру, сезіндіру әр куратор-эдвайзердің міндетіне айналып отыр. Білімнің қайнар бұлағы - кітап деп бекер айтпаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз.

Рыскалиева Р.Г.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
химия және химиялық технология факультетінің доценті.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста