Ғылым-білім-өндіріс – 2016

Жақында Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында «Ғылым-білім-өндіріс – 2016» инновациялық жобалар форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының Ақтөбе аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен бірлескен тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Форум облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, бизнес және ғылым арасында тікелей диалогты жүзеге асыру үшін ұйымдастырылды. Университет ғалымдары металлургия, мұнай және көмір химиясы, химиялық технологиялар, биотехнология, экология, энерготиімділік және білім салаларына зерттеулер енгізуге арналған 20-дан астам жобаны көрсетті. 

Көрме барысында ғалымдар мен өнеркәсіп өкілдері арасында Ақтөбе облысының кәсіпорындарына отандық инновацияларды енгізу жолдарын іздестіру мәселелері бойынша қызу пікірталас туындады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университет ғалымдарының инновациялық технологияларын өндіріске енгізудің жақсы тәжірибесі қалыптасқан. Мысалы, университет ғалымдары ойлап тапқан мұнаймен бүлінген топырақты тазартуға арналған жабдықтар «Жаңажол» кен орнының мұнай қалдықтарын жинайтын полигонында табысты түрде сынақтан өтті, «Сұйық синтетикалық отын» ЖШС кәсіпорнында көмірден мазут және бензин фракцияларын алатын қондырғының алғашқы нұсқасы орнатылды, криогендік технологиялар медицинада қолданыс тапты.
Кездесудің қорытындылары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері университетпен бұдан кейінгі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Бүгінгі күні «Сагиз Петролеум ЖШС-мен мұнайды дайындау және тасымалдау үдерістерінің тиімділігін арттыру үшін магниттік активаторларды тәжірибелік-өндірістік сынақтан өткізу және лабороториялық зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді, өндірістік циклға қосу мақсатында оларды кеңейту технологисын жасау үшін «Қазхром» АҚ кәсіпорнының өнеркәсіптік қалдықтарының үлгілері берілді. «СНПС – Ақтоғай Мұнайгаз» АҚ және Ақтөбе облысы бойынша жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы криогенді технологияларды кеңінен енгізу бойынша серіктес болуға дайын екендіктерін білдірді, көмірсутегінің синтетикалық формалары негізінде жарық беру және ылғалдылық өткізгіштерін жасау бойынша жобалар облыс әкімшілігін қызықтырды.
Университет өз кезегінде Ақтөбе қаласының екі орта мектебін қамқорлыққа алды.
Ақтөбе облысының әкімшілігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Ақтөбе облысының әкімі көптеген тапсырмалар берді, атап айтқанда, Университет ғалымдарының зерттеулерін Ақтөбе облысы экономикасының нақты салаларына енгізу және инвестиция тарту жолымен бәсекеге қабілетті заманауи өндірісті дамытуға бағытталған кешенді жоспар жасауды ұсынды.
Қазіргі уақытта меморандумның негізгі пункттерін жүзеге асыру жоспары белгіленіп, өнім өндіруге арналған және облыстың нақты салаларына енгізуге жоғары қосымша құны бар жобаларды қарастыру бойынша жұмыс басталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста