Ғасыр дертімен күресті күшейту керек

Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда.

Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді.

Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары, әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік ішіп көргенін анықтап отыр.

Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда ішімдікке жақын бола түседі.

Сегізінші сыныптағы ер балалардың 75 пайызы және қыздардың 40 пайызы алкогольдің дәмін татып көргендігін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысынан байқауға болады. Оныншы сыныпты бітіргендердің 90-95 пайызы алкогольдің дәмін біледі. Маскүнемдікпен ауыратындардың 75 пайызы алкогольдың дәмін 20 жасқа дейін татып көргендер екенін ғылыми зерттеулер нақтылап отыр. Осы маскүнемдікпен қатар қоғамда нашақорлықта орын алуда.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамыздағы нашақорлардың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Әрине, олар басында еріккеннен, ермек үшін есірткішілік наша, гашиш шеге бастайды. Алғашында миды зеңгіьіп, психикаға әсер ететін есірткі, адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді.

Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолының бұлшық еттері шаншып, ішек-қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-суық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде “ломка” дейді.

Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттық көріністер, өзін-өзі жарақаттау, тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді.

Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді. Адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Содан соң оны бірнеше сағатқа шейін ұйқы басады.

Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тойынбайды.

Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ ішетіні, есірткіге берілетіні ешкімге сыр болмай қалды. Бұл әрине, өте өкінішті жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын, денсаулық үшін зиян. Мысалы, ұзақ уақыт әсер ететін дәрі-дәрмектер жыныстық қабілетке қатты нұқсан келтіреді. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш адамдай тарпа бас салады. Мұны медицинада “наркотизм”, ал оның ауыр түрін “наркомания” деп атайды. Грек тілінен аударғанда “нарк”- жасанды ұйқы, “мания”- есі кету, есіру деген ұғым береді. Нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Сонымен қатар шылым шегу де адам ағзасына зияның тигізеді.

Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін.

Неғұрлым шылымның сапасы төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болады.

Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады, сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғарғы тыныс жолына түседі. Әдетте, ондай нәрсе үйреншікті болмағандықтан алғашында жөтел пайда болады, бірақ егер де шылым шегу тұрақталатын болса, ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендірілгіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп, көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеліп соғады. Тыныс жолымен түтін бронхы негізіне қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі. Жекеленген химиялық заттар оттегімен реакцияға түскен сайын улы газды түзіп, кейін ол бүкіл ағзаға тарайды. Ұзақ уақыт иісті газбен уланудың нәтижесіндеқанның аяқ, қол саусақтарына ағымы азаяды, оның салдарынан инфекциялану болып, ампутацияға ұшырауы мүмкін. 

Лиза Абыханова
№58 Жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста