Футболдан студенттер лигасы басталды

Назарбаев Университетінің спорт орталығында Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан футбол федерациясымен бірге ұйымдастырған «Көктем - Күз 2015» Ұлттық студенттер лигасы ойындары бастау алды, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл маусымдағы футбол бәсекесі еліміздің 30 жоғарғы оқу орнының командалары арасында өтеді. Биыл Астана және Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының былтырғы командалары мен қатысушыларынан бөлек, турнирге Қарағанды мен Шымкент қаласының студенттері қатысады. ҰСЛ-ның астаналық тобына 6 команда енеді. Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары атынан 11, Шымкент қаласынан 9 және Қарағанды қаласынан 4 команда қатысады.
Министрліктің еліміздегі студенттердің спорттық қозғалысын дамытуды жоспарлап отыр. Биылғы жаздың өзінде студенттік лига аясында баскетболдан жарыстар басталады. Ал келесі жылы бұл эстафетаны волейболшылар жалғастырмақ.
Биылғы футбол турнирінің басты сыйлықтарының бірі - ең үздік ойыншылардың ұлттық құрамамен бірге 22-29 тамызда Бразилияда студенттер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуы болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы турнир жеңімпаздары, яғни Л.Гумилев атындағы ЕҰУ командасы 6 маусымда Берлинде өтетін Чемпиондар лигасының матчына көрермен ретінде баруға жолдама алған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста