Еліміздегі мектептерде оқу бағдарламасы өзгеріп жатыр

Еліміздегі орта білім беру ордаларында кезекті реформа іске асырылуда. Бұл өзгеріс бірінші кезекте мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге қатысты. Енді олар үш тілді қатар меңгеріп, бағаны өздеріне және өзгелерге қоятын болады. Сондай-ақ оқу бағдарламасындағы бірқатар міндетті пәндер қысқартылған. Ең бастысы оқушы аптасына 5 күн оқып, болашақ мамандығын ерте таңдай алады екен.

Мектеп табалдырығын аттағаннан бері «сәлем, привет, хеллоуды» бірдей үйреніп жатқан мына бүлдіршіндер биыл басталған жаңа 12 жылдық білім беру жүйесінің алғашқы түлектері болмақ. Ана тілімен бірге орыс және ағылшынды тең алып жүруге еліміздің 30 мектебі таңдалыпты. Пәндердің саны ғана емес, оларды өткізу әдісі мен бағалау үрдісі де өзгерген.

Мұсажан Мамыр:

–Ол қағаздар бізге түсінді ме, түсінбеді ме деп сұрауға керек. Жасыл – түсінді, сары – жартылай түсінді, қызыл түс – түсінбеді. Бір-бірімізді бағалаймыз.

Жаңа әдіс бойынша балалардың өз қабілетін көрсетуіне толық мүмкіндік берілген. Енді әрбір оқушы жеке партада отырып, техника тілін ерте меңгеретін болады. Бірінші сыныптағылар «ғылымға кіріспе», ал жоғарғы сынып оқушылары «жаһандану үрдістері» пәнін меңгермек. Информатика, физика, химия және биология сабақтары тек ағылшын тілінде оқытылады, ал ұқсас пәндер біріктірілмек.

Бұлбұл Оспанбек, №15 мектеп-гимназияның директоры:

–Жоғары сыныптарда міндетті пәндердің саны қысқартылады. Бұл жерде оқушыларға стандарпен және тереңдетіп оқытылатын пәндердің ішінен таңдау құқығы беріледі. Әрине, бұл жерде оқушылардың бойындағы қызығушылықтары мен бейімдерін дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Мектептің білім беру бағытына қарай таңдалатын пәндердің тізімі де даярланып қойыпты. Оқушы тереңдетіліп оқылатын 4 пәннің екеуін, стандартты 3 пәннің екеуін өзінің болашақ мамандығына қарай таңдамақ.

Ғалия Сыздықова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті:

–Білім беру жүйесі түбегейлі түрде өзгертілмек. Яғни, сабақтар бұрыңғыдай ауқымды емес, тереңдетілген түрде өткізіледі. Баланың көзқарасы мен қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Мұғалімдер біліктілігін жетілдіру курсатарынан өтіп, жаңа әдіспен жұмыс істеуге дағдыланады.

Еліміздің барлық мектептерінің қашаннан бастап жаңа жүйеге ауысатыны қазірше белгісіз. Сынақ сәтті шыққанның өзінде де бұл үшін кемінде 10 жыл қажет.

Ал 5 күндік оқу атпасы тек 2017-2018 оқу жылынан бастап іске қосылуы мүмкін. Ол үшін сынақтан өтіп жатқан мектептердің тәжірибесі алынбақ. Бұл мұғалімдердің жұмысы көбейеді деген сөз емес. Оқу жылы 34 немесе 36 аптаға созылғанына қарамастан ұстаздардың жалақысы өзгеріссіз қалатыны ғана айтылуда.  

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста